Екі тарапқа да тиімді табыс

Екі тарапқа да тиімді табыс
ашық дереккөз
Екі тарапқа да тиімді табыс
Аудандағы жеке кәсіпкер Салтанат Әбілхаева ашқан «Айдана» асханасы да үлкен жолдың бойында жолаушыларға жақсы қызмет көрсетіп келеді. Салтанат та «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 7,2 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, 18 бас жылқы сатып алған. Жаз мезгілінде асханаға келушілерге өздері өндірген қымыз өнімін де ұсынуда. Асханада 4 адам тұрақты жұмыс көзімен қамтылған. Әсіресе, қызы Айдана осы кәсіптің бір жағын көтеріп, анасына көмек беруде. Алдағы уақытта Салтанат кәсіпкерлігін кеңейтуді көздейді. Біз барған уақытта да «Айдана» асханасына аялдап, тапсырыс берушілер аз болмады. Оларға асхана сан түрлі дәмді тамақтарымен қызмет етіп жатты. Бұл асхананың өзгелерден артықшылығы – ауланың тазалығына аса мән берген. «Тазалық – иманның жартысы», – дегендей, жинақы жерге көптеген жолаушылардың назары ауатыны рас. Оның үстіне, түрлі тағамдарды жылдам әзірлеп береді. Тапсырыс берушінің ұзақ күтіп қалмауына көңіл аударады. Кәсіпкерлік саласында өзіңе көпшілікті шақыратын тиімді жол іздеу аса маңызды. Ал, бұл асхананың қожайындары ондай жолды тауып отырған секілді. Округ әкімі Қамбар Атабаев: «Бұл асханалардың ауылымыздағы мал өсірушілерге де пайдасы көп. Себебі, ірі қара және уақ малдарын әр килограмы 1700 теңгеден осында өткеріп жатыр. Мәселен, Шу ауданының базарына апаратын болса, әр ірі қара басына 5 мың теңгеден, ұсақ малға да қажетті теңгесін төлейді. Бұл тасымалдағаны үшін. Базарда сенің малың көңіліңдегі бағаға өте ме, өтпей ме? Ол жағы да бар. Ал, мынау асханалар келісілген бағаға үнемі ет қабылдап тұр. Сол жағынан екі тарапқа да өте тиімді. Шамамен, айына 2 мыңға жуық уақ мал осы асханалардың қажеттілігіне жаратылып тұр, – дейді.  

Ұқсас жаңалықтар