Мектеп оқушылары грантқа ие болады

Мектеп оқушылары грантқа ие болады
ашық дереккөз
Мектеп оқушылары грантқа ие болады
Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында «Zhambyl IT Hub» компаниясы облыстағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған «Beginit by inDrive» бағдарламасының басталуына орай баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Айта кету керек, Қазақстан өңірлерінің жастарына арналған тегін көшбасшылық бағдарламасы облыстағы ауыл балаларына әлеуметтік көшбасшылық бойынша білім беру курсынан өтуіне және Алматы қаласында ашылатын инновациялық университеттің грант иегері атануына мүмкіндік береді. Оқу грантына өңірдегі мектептердің 10-сынып оқушылары, «Astana Hub» халықаралық технопаркімен және өңірлік «Zhambyl IT Hub»-ымен серіктестікте жүзеге асырылып жатқан «Beginit by inDrive» тегін білім беру бағдарламасының финалистері үміткер бола алады. Тегін білім беру аясында мектеп оқушылары әлеуметтік көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша курстан өтіп, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобалар жасауды үйренеді. Одан бөлек, Алматының тау бөктерінде орналасқан лагерьде балалар еліміздің түкпір-түкпірінен келген қатарластарымен танысып, бизнес пен шығармашылық сала жетекшілерінен құнды кеңес алады. Курстан өткеннен кейін қатысушылар өз аймақтарындағы әлеуметтік мәселелердің шешімін ұсынуына болады. Сонымен бірге, финалистер бағалы сыйлықтарға ие болып, «inDrive» компаниясының бас директоры Арсен Томский «Digital Bridge» халықаралық форумының пленарлық отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа айтқандай Алматыдағы «inVision U» жаңа инновациялық университетінің толық грантының жеңімпазы болады. Жиында әуелі сөз алған «Beginit by InDrive» жобасының жетекшісі Елена Тропинова әлеуметтік көшбасшы – өмірді өзгерте алатын және өзгерістерге оң әсер ететін адам екенін және аталған бағдарлама өз аймағын ғана емес, өзін бүкіл әлемге танытатын әлеуметтік көшбасшыларды анықтайтын бағдарлама екенін жеткізді. Ал, «Astana Hub» компаниясының облыстағы аймақтық менеджері Салтанат Телеуова «Zhambyl IT Hub» және «InDrive» компаниялары бірлесе отырып Қазақстандағы білім беруді дамыту және жас таланттарды қолдау бағытында үлкен қадам жасап жатқанын жеткізді. Сонымен бірге, бұл бірлескен жұмыс жастар арасында көшбасшылық пен жобалық іскерлікті дамытуға, оларды облыстың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін өз жобаларын құруға және жүзеге асыруға шабыттандыруға бағытталғанын мәлімдеді. Айта кетерлігі, іріктеу кезеңі 7 қарашада Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында басталады. Өз кезегінде «Beginit by inDrive» жобасының маманы Ерсайын Қабдрашев «InDrive» компаниясы туралы толық ақпаратымен бөлісіп, бағдарламаның тиімділігі туралы сөз етті. Жиын соңында, «Astana Hub» және «Beginit by inDrive» компанияларының өкілдері журналистердің қойған сұрақтарына жауап береді.  

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар