Саңлақ спортшыларға құрмет
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ХІХ жазғы Азия және IV Пара Азия ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларын қабылдады. Жылы жүздесуде аймақ басшысы саңлақтарымыздың еліміздің спорт саласын дамытуға қосқан айрықша үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңір-өңірлерде жергілікті билік тарапынан спортшыларға қолдау көрсетіліп, спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасалып отырғанын жеткізді. – Мемлекет басшысы спортты дамыту мен ұлтты сауықтыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің ең маңызды стратегиялық басым бағыттарының бірі. Еліміздің спортшылары Олимпиада, Әлем және Азия ойындарында көк Туымызды желбіретіп, Әнұранымыз сан мәрте шырқалды. Әулиеата жері – талай талантты спортшыларды тәрбиелеген қасиеттi мекен. Сіздер дүбірлі додаларда жетістікке жетіп, тек Жамбыл облысының ғана емес, ел мақтанышына айналдыңыздар. Әлемдік ареналарда еліміздің атын шығарып, қасиетті Әулиеата жерінің атағын асқақтатқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. 2023 жылғы Азия паралимпиада ойындарының қорытындысы мен медальдар саны бойынша Жамбыл облысы Астанадан кейін екінші орында тұрғанын ерекше атап өткім келеді. Бұл өңірімізде параспортшылар үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын көрсетеді. Енді барлық күш-жігерді Париж төрінде өтетін олимпиадалық тұғырды бағындыруға бағыттау керек, – деді Ербол Қарашөкеев.
Бұдан кейін, ХІХ жазғы Азия және IV Пара Азия ойындарының жеңімпаз-жүлдегерлері мен олардың жаттықтырушыларына облыс әкмінің Алғыс хаттары мен қаржылай сертификаттар табыс етілді. Айта кетейік, осы жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазан аралығында Қытай елінің Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарында өңірімізден 12 спорт түрінен 37 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жамбылдық спортшылар 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізіп, Париж Олимпиадасына 1 лицензия жеңіп алды. Ал, кураш спорт түрінен 81 келіде Бекәділ Шаймерденов күміс, су добынан әйелдер құрамасындағы «Айша бибі» клубының қыздары мен ерлер сапындағы Сұлтан Шонжігітов, Эдуард Цой мен бокстан 71 килограмда Асланбек Шымбергенов қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, қазіргі бессайыс спорт түрінен Георгий Борода-Дудочкин Олимпиада ойындарына жолдамаға қол жеткізді.
Ал, осы жылдың 22-28 қазаны аралығында IV жазғы Пара Азия ойындарында 8 жамбылдық спортшы өнер көрсетіп, 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медальға ие болды. Атап айтқанда, Нұрдәулет Жұмағали 100 метрлік брасс және 200 метрлік кешенді жүзу әдісінде 2 минут 16.74 секунд көрсеткішімен Пара Азия рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды. Пара таеквондодан Өмірәлі Нышан +80 килограмда күміс, кешенді жүзуден Зульфия Габидуллина қола медальға ие болды.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді