«Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен аудандық ашық турнирі өтті

«Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен аудандық ашық турнирі өтті
ашық дереккөз
«Жекпе-жек» ұлттық спорт түрінен аудандық ашық турнирі өтті
Жамбыл ауданы Аса ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Жамбыл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы және Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығымен бірлесе “25 - қазан Республика күні” мерекесіне орай Жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жастар мен жасөспірімдер арасында Жамбыл аудандық ашық турнирі өтті. Сегіз бұрышта бәсекесінде Алматы обылысы, Шымкент қаласы,Тараз қаласы және Жамбыл облысының спортшылар қатысып 60-тан астам жас балуандар үш жас айырмашылығы бойынша 12 ден 17 жасқа дейін жасөспірімдер және +18 асқан спортшылар бақ сынасты. Және атап өтсек бұл жарыста ауданымыздың ALSHYN TOP TEAM спорт клуб командасынын спортшылары 3 белбеу және командалық есепте 2 орынға ие болды. Жарыс нәтижесіне сәйкес әрбір жас ерекшеліктері бойынша жеңіске жеткен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен медальдар және белбеу салтанатты жағдайда тапсырылды. Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері Өтеп Руслан

Ұқсас жаңалықтар