Ағымдағы жылы облыс бойынша тұрғындардың спортпен жүйелі түрде шұғылдануы үшін 263 спорт нысаны белгіленген болса, жыл соңында бұл көрсеткіш 307-ге жетті. Яғни, бір жыл ішінде 44 нысанға өсті. Оның 28-і Тараз қаласында, 279-ы аудандарда орналасқан. Бұл нысандарда тұрғындардың спортпен шұғылдануы үшін арнайы кестесі жасалып, ол жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Сонымен қатар, спорттық нысандардың қолжетімділігін арттыру мақсатында жеке кәсіпкерлердің әлеуетін пайдалану жақсы нәтижелер беруде. Тараз қаласында мұндай бағытта «Атлетик» спорт кешені жұмыс атқарып отырса, Сарысу ауданы Жайылма ауылындағы жеке кәсіпкер Ж.Тоғызақбаевтың жеке қаржысына салып берген спорт кешені ел игілігіне қызмет атқаруда.
Гамлет Қайнарбеков, облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы.
Осы тұста, ауыл мектептерінің спорт залдарын оқу процесі аяқталғаннан кейінгі мезгілде ауыл тұрғындарына, оның ішінде жастарға қолжетімділігін арттыру назарға алынғаны дұрыс деп есептейміз. Тараз қаласындағы Орталық стадионының УЕФА талаптарына сәйкес еуропалық стандартқа бейімделіп төбесі жабылды және қуаттылығы 1200 люкске тең жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Облыс орталығындағы «Дельфин» жүзу бассейнінің куполы жаңартылды. Сондай-ақ, Меркі, Қордай және Жуалы аудандарындағы орталық стадиондарында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Демеушілер есебінен шағын футболға арналған жасанды төсенішті 28 спорттық алаңша салынды. Қаратау қаласында инвестициялық жоба аясында «Еурохим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаржысына құны 221 миллион теңге тұратын спорт зал кешенін салды. Ал елімізде химия өндірісін өркендетуге атсалысып жүрген «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тараз қаласынан заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысын жүргізуде. Облыс әкімінің тапсырмасына орай биылғы жылы облыстық спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатынан футбол бөлімшесін аштық. Оған облыстық футбол федерациясымен бірлесе ауылдық жерлерден іріктеуден өткен 14 талантты жас футболшылар алынды. Біз бұл арада келешекте осындай жергілікті жас футболшылардан «Тараз» футбол командасына ойыншылар дайындауды мақсат етіп отырмыз. Облыста мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануы назардан тыс қалған емес. Жалпы олардың саны 36121 адамды құрайды. Оның 646-сы немесе 1,8 пайызы спортпен шұғылданып келеді. Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы спорт клубы ашылды. Клуб спортшылары Ғабит Есжанов Сурдолимпиалық ойындарында еркін күрестен чемпион атанды, Зульфия Габидуллина жүзуден Әлем чемпионатында күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, Өмірәлі Нышан пара-таэквондодан Әлем біріншілігінде ел тарихында бірінші рет алтыннан алқа тақты. Жалпы облыстық спорт мекемелерінде спорттың 41 түрі қамтылып отыр. Оның ішінде 21 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 8 ұлттық спорт түрі бар. Облыс спортшылары Әлем, Азия чемпионаттары мен халықаралық, республикалық жарыстарда едәуір жетістіктерге қол жеткізуде. Ағымдағы жылы спорт мекемелеріндегі 1269 спортшы әр деңгейдегі халықаралық жарыстарға, 3677 спортшы республикалық деңгейдегі және 8304 спортшы облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысты. Облыс спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарында (Кубогында) 2011 жылы 74 медальға (25 алтын, 23 күміс, 26 қола), 2012 жылы 78 медальға (28 алтын, 23 күміс, 27 қола), 2013 жылы 86 медальға (38 алтын, 25 күміс, 23 қола), ал 2014 жылы 116 медальға (63 алтын, 28 күміс, 25 қола) қол жеткізді. Бір сөзбен айтқанда, жыл өткен сайын өркендеу бар. Әсіресе, жылқы жылы спортшыларымыз үшін табысқа толы болды. Биылғы Азия ойындарында облыстан 22 спортшы Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында өнер көрсетті. Нәтижесінде Елдос Сметов дзюдодан, Гузалия Гафурова каратэдодан алтын медаль иеленсе, Азиз Қалқаманұлы дзюдодан, Светлана Иванчукова жеңіл атлетикадан күміс жүлдені еншіледі. Сондай-ақ, Линария Мингазова дзюдодан, Нигора Нурматова регбиден және «Айша бибі» су добы клубының қыздары «Қола» медальға ие болды. Сонымен қатар, Пара Азия ойындарына облыстан 5 спортшы қатысып, жүзуден Зульфия Габидуллина әлем рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды. Осы жылдағы ең соңғы зор табысымыз жақында ғана Алматы қаласында өткен Әлем чемпионатында ұлттық спорт тарихында ауыр атлетикадан тұңғыш рет алтыннан алқа таққан Жасұлан Қыдырбаевтың жеңісі өңірдің атын тағы да бір рет көкке көтіріп тастады. Жасұланның жеңісі 2016 жылы Бразилияда өтетін жазғы олимпиадаға облыс атынан алынған алғашқы лицензия. Ал 4 желтоқсан күні Тараз қаласында аяқталған бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Жамбыл бокс мектебі өзінің жеңісті жолын жалғастырды. Олжас Сәттібаев (52 кг), Алмас Жақыпов (56 кг) және Асланбек Шымбергенов (69 кг) жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, 1 боксшы күміс, 5 былғары қолғап шебері қола медальге ие болды. Нәтижесінде облыстың 10 боксшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына енді. Бокстан Қазақстан бокс федерациясының кубогында да жеңіске қол жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда, жылқы жылы жеңіске толы болды. Енді сол жеңісті жорықты қой жылы да жалғастыруға ниеттіміз.Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді