Спорт нысандары ашылды

Спорт нысандары ашылды
ашық дереккөз
Спорт нысандары ашылды
Республика күніне және Жамбыл ауданының 95 жылдығына орай, аудан орталығы – Аса ауылында үшінші кіші футбол алаңы ашылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, осы күнге дейін олар спортпен айналысу үшін теміржол торабынан өтіп, біршама қашықтағы спорт кешендеріне барып жаттығатын болған. 9 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған алаңның құрылысын «Energy kaz group» мердігер мекемесі жүргізген. Мереке қарсаңында тұрғындардың қуанышына ортақтасуға келген аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова мен «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков жұртшылықты жаңа нысанның салтанатты ашылуымен құттықтап, спорт саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. – Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің барлығын жасауда. Ауданымызда спортқа ден қойған азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Соның бір айғағы, ауданымызда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың саны 35 мыңға жетті. Өңірде бұқаралық спортты дамытуға үлкен мән беріліп, 174 спорт ныс аны жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде. Атап айтсақ, биыл Сұлутөр ауылында спорт кешені пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін тағы 4 елді мекенде спорт кешендерін пайдалануға беру жоспарлануда. Сонымен қатар, келесі жылы Бесағаш ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталатын болады, – деді Махпал Сатыбалдықызы. Мұнан соң Талап Нышанбекұлы да сөз алып, бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жоспарлы жобалар өңірімізде сәтті жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті. Бұл күні жамбылдық жұртшылық Қаратау елді мекеніндегі тағы бір футбол алаңының ашылу салтанатына куә болды. Айта кетейік, Ре спублика күніне орай, бір ғана Жамбыл ауданында 6 спорттық нысан ел игілігіне берілмек. Өзге аудандарда да айтулы мерекенің құрметіне спорттық нысандар, саябақтар, мәдениет үйі пайдалануға беріліп, көпбалалы, мұқтаж жандарға пәтер кілті табысталады.  

«Aq jol»-Aqparat.

Ұқсас жаңалықтар