Спорт саласын дамытудың Жол картасы әзірленеді
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев спорт ардагерлерімен кездесті. Кездесуде балалар мен жастарды спорт секцияларына тарту, спорт нысандарын салу, кәсіби клубтарды ашу және дамыту мәселелері сөз болды. Жиынға самбо, бокс, еркін күрес, дзюдо, қазақ күресінен спорт шеберлері мен еңбек сіңірген жаттықтырушылар қатысты.
– Қасиетті Әулиеата жері – талай ұлағатты спортшылардың туған жері. Жамбылдықтар халықаралық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүр. Біз олардың жетістіктерін мақтан тұтамыз, – деді аймақ басшысы.
Облыста атқарылып жатқан игі бастамаларға тоқталған Ербол Қарашөкеев аймақтық кадрлық резерв құрылатынын жеткізді. Оған талап білдірген жастар болашақта спорт мекемелерінің басшысы болуы мүмкін. Сондай-ақ, бос басшылық лауазымдарға конкурс әлеуметтік желілерде жарияланып, тікелей эфирде көрсетілетіндігін айтты. Өңір басшысы ардагерлерді осы іріктеу комиссиясының жұмысына қатысып, белсенділік танытуға шақырды.
Ардагерлер жалпы білім беретін спорт мектебін салу, ауылдық жерлерде тұратын спортшыларды қолдау, футболды дамыту, алдағы 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық, жаттықтырушылар біліктілігін арттыру мәселелерін көтерді.
Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша көтерілген мәселелердің барлығы спорт саласын дамытудың Жол картасына енгізіледі.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




