Электронды қызметпен еңбек өнімді

Электронды қызметпен еңбек өнімді
ашық дереккөз
Электронды қызметпен еңбек өнімді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында «Менің цифрландыру ісіне және инновацияны енгізу мәселесіне баса мән беретінімді баршаңыз білесіздер. Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Біз электронды үкіметті және финтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында тұрмыз», – деп электронды қызметке баса назар аудартқан еді. Еліміз бірнеше жылдардан бері «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасымен айтарлықтай істерді жүзеге асырып келеді. Бүгінде барлық мемлекеттік қызметті ешқайда шықпай-ақ қолдағы ұялы телефонмен-ақ алуға болады. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып, кем-кетігі уақытпен бірге толықтырылып келеді. Цифрландыру – ісі қағазбастылықтан арылтса, екіншіден, адамдардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік берді, үшіншіден, көптеген жұмыстарды жеңілдетті. Осы қатарда еңбек нарығы да цифрландыру жүйесімен көптеген жеңілдіктерге ие болғанын айтпай кетуге болмас. Еліміздегі еңбек нарығы белсенді түрде цифрландырылуда. Біртіндеп цифрландыру адам өмірінің барлық салаларын қамтып келеді. Оның ең үлкен әсерін біз құжат айналымы саласында байқаймыз. Шынында да бүгінгі күні құжаттардың көп бөлігін ешқайда шығып әуре болмай- ақ, электрондық үкіметтің веб- сайтындағы жеке кабинеттен алуға немесе рәсімдеуге болады. Қағаздармен жұмыс істеу процесі де жеңілдетіледі, өйткені деректер бірыңғай дерекқорда сақталады, яғни оларға кез келген уақытта қол жеткізуге болады. Демек, растайтын қағаздардың үлкен жиынтығын алып жүру қажеттілігі біртіндеп жойылып келеді. Азаматтар жұмысқа орналасарда да әр жерге барып, қат-қабат құжат жинамай-ақ бір жерден рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды. Бүгінгі күні электрондық еңбек шарттарын жасау қарқын алуда. Бұл өз кезегінде халықтың да ризашылығын тудыруда. Себебі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, адамның жұмысқа жіберілуі еңбек шарты жасалғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Жұмыскермен еңбек шартын жасау және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар туралы ақпаратты Еңбек Кодексінің 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді. Ол – жұмыс берушінің міндеті. Нақтырақ тоқталсақ, біріншіден, тараптардың деректемелері, яғни жұмыс беруші-жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі немесе жұмыс беруші-заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қызметкердің жеке сәйкестендіру нөмірі тіркеледі. Екіншіден, белгілі бір мамандық, кәсіп, біліктілік немесе лауазым бойынша жұмыс міндеттемелері, яғни еңбек функциясы көрсетіледі. Үшіншіден, жұмысты орындау орны, төртіншіден, еңбек шартының мерзімі, бесіншіден, жұмыстың басталу күні, алтыншыдан, қорытынды күні және реттік нөмірі анық тіркелуі тиіс. Жұмыс беруші осы аталғандай мәліметтерді кадрмен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесімен (ЕШЕБЖ) интеграциялау жолымен не «электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы немесе ЕШЕБЖ-мен интеграцияланған еңбек шарттарын есепке алуды автоматтандыру жөніндегі басқа да ақпараттық жүйелер арқылы ұсынады. Кадрлық қатамасыз етудің ақпараттық жүйесін интеграциялау үшін жұмыс беруші «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы №123 бұйрығына сәйкес, интеграция жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. ЕШЕБЖ-ның негізгі артықшылықтары – қағаз түріндегі құжаттарды жинау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналасу процесін жеңілдетіп, шарттың, қорларға жарналар мен аударымдардың болуын көрсетуінде. Сондай-ақ, жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттемелерін бекіту арқылы әлеметтік үметтік тәуекелдерден қорғайды. Шарттар екі тілде, қазақ және орыс тілінде жасалуы мүмкін. Қызметкер электрондық үкіметтің жеке кабинетінде ағымдағы еңбек шарты туралы ақпаратты «еңбек қызметі» бөлімінде тексере алады. Онда кәсіпорынның атауы, жасалған күні, шарттың нөмірі және лауазымы көрсетіледі. «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы мәліметтерді ұсыну үшін жұмыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбаны растай отырып, жеке кабинетті тіркейді және қажетті мәліметтерді жеке кабинетте толтырады, сосын электрондық цифрлық қолтаңбаға қол қоя отырып, оларды ЕШЕБЖ- ға жібереді. Мәліметтерді жұмыс беруші не оның атынан осы міндет жұмыс берушінің актісімен жүктелген кадр қызметініңбасшысы ұсынады. Сондай-ақ, ЕШЕБЖ-ға мәліметтерді енгізу мерзімдері көзделген. Жаңадан жасалған еңбек шарттары туралы екі тарап еңбек шартына қол қойған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмеу керек. Қолданылу мерзімі аяқталмаған еңбек шарттарына келсек, саны 2 000 адамға дейінгі кәсіпорындар үшін қағидалар күшіне енген күннен бастап 1 жыл ішінде, саны 2000 адамнан асатын кәсіпорындар үшін қағидалар күшіне енген күннен бастап 2 жыл ішінде, еңбек шартына өзгерістер мен толықтырулар туралы оларға екі тарап қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей мәліметтер енгізілуі тиіс. Сол секілді қызметкер жұмыста қалпына келтірілген жағдайда түзету қалпына келтірілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде, мәліметтерді дұрыс енгізбеген кезде қатені түзету бастапқы деректер енгізілген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, қызметкердің және жұмыс берушінің деректемелері дұрыс енгізілмеген кезде мәліметтерді жою бастапқы деректемелер енгізілген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады. Еңбек шартын тоқтату еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалуы керек. Мемлекетті кең бек инспекторлары мемлекеттік бақылау шеңберінде және жұмыс берушілер ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізу жөніндегі міндеттерді орындамааны анықталған жағдайда жою мерзімі бар нұсқамалар беретін болады. Мемлекеттік еңбек инспекторлары берген нұсқамасы орындалмаған жағдайда материалдарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жіберілетін болады. Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарын сақтауға және қызметкермен еңбек шартын жасау және тоқтату, оған енгізілетін өзгерістер және толықтырулар туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге (ЕШЕБЖ) енгізуге шақырамыз. Бүгінгі күні Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы облыс бойынша бұл бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сәйкес, өңірімізде 185057 жұмысшының еңбек шарттары ақпараттық жүйеге енгізілмеген болатын. Мемлекеттік еңбек инспекторларының атқарған жұмыстарының нәтижесінде 185057 жұмысшының бүгінгі күнге 161800-інің еңбек шарты ақпараттық жүйеге енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар қатаң бақылауда. Еңбек шарттарының ақпараттық жүйеге енгізілуі жұмыс беруші үшін де, жұмысшы үшін де көптеген істерді жеңілдетеді. Әрі ашықтықты қалыптастырады. Сондықтан, барша мекемелердің әкімшілігін еңбек шарттарын ақпараттық жүйеге енгізуге асығуға шақырамыз. Ә р і цифрландыру – істі ілгерілетіп, жұмысты жеңілдетпесе, ешқандай қиындық туғызбайды.  

Жанат МҰХАТАЕВА,

облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы мониторинг және құжаттама бөлімінің басшысы, мемлекеттік еңбек инспекторы.

Ұқсас жаңалықтар