Мадина Дәулетбаева екінші орыннан көрінді
Шахматтан «Павлодар Open» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Он күнге жуық уақытқа жалғасқан жарысқа он төрт облыстан бөлек, алыс-жақын шет-елдерден спортшылар қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Жүзден астам спортшы бақ сынасқан айтулы сында жамбылдық шахматшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мадина Дәулетбаева жүлделі екінші орыннан көрінді. Жалпы, бұл сын өте тартысты өтті. Әр спортшы өздерінің мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, жеңіске жету үшін әбден милары қатты. Дегенмен, «ақылдылардың ойыны» аталып кеткен шахматта бір жүрістегі қателік ойын тағдырын шешіп кететіні де мәлім. Бұл турнирде де соған көзіміз айқын жете түсті. Негізінен ойынды жақсы бастап келе жатқан кейбір спортшылардың жүйкесі сыр беріп, ойын бел ортасына таяғанда жүрістерінен жаңылып жатты. Біз үшін ең бастысы жерлесіміздің жүлдегерлер санатынан көрінгені үлкен қуаныш.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




