Бакудегі бәсеке Боксшыларымыз Агаларова кубогынан табыспен оралды
- author «Ақ жол»
- 27 желтоқсан, 2014
- 677
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында бокстан Агаларова кубогы үшін халықаралық жарыс өтті. Аталмыш додаға Өзбекстан, Украина, Грузия, Албания, Израиль, Египет, Әзірбайжан елдерінің былғары қолғап шеберлерімен бірқатарда жамбылдық боксшылар да бақ сынады. Ұзын саны жүзге жуық спортшылар қатысқан айтулы аламаннан жерлестеріміз де табыспен оралды. Шаршы рингте еркін қимылдап, соққыларын қарсыластарына дөп тигізіп, өзінің шын шебер екенін дәлелдей білген 69 келі салмақ дәрежесіндегі жерлесіміз Әбілхан Аманқұл барлық кездесуінде бағы жанды. Ақтық сында да алқынбай жұдырықтасқан ол әртүрлі комбинацияларын әдемі жүзеге асыра алды. Нәтижесінде айқын жеңіске жеткен ол чемпион атанды. Ал, 49 келіде рингке көтерілген Саламат Дәндібаев күміс медальді қанағат тұтты. Финалға дейін жүрісінен жаңылмай, тактикалық тұрғыда сауаттылық таныта білген жерлесіміздің ақтық айқаста жолы болмады. Дегенмен, күміс медаль да жүлде екенін ұмытпаған ләзім.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




