Жүзеге асқан жоба-жоспарларымыз жетерлік

Жүзеге асқан жоба-жоспарларымыз жетерлік
ашық дереккөз
Жүзеге асқан жоба-жоспарларымыз жетерлік
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында халықтың әлеуметтік-экономикасын дамытуға көп көңіл бөлінген. Соның ішінде біз бүгінгі таңда Президент бастамаларын басшылыққа алып жұмыс істеп келеміз. Жалпы, бүгінгі таңда ауданда атқарылып жатқан жұмыс көлемі ауқымды. Бүгінде тоқсан бес жылдық тарихы бар Жамбыл ауданында 17 ауылдық округ, 42 елді мекен, 88196 тұрғын бар. Тұрғындардың 40,3 мыңы немесе 45,8 пайызы экономикалық белсенділер қатарына жатады. Бүгінде өңірде 2902 агроқұрылым жұмыс істейді. Оның 4-еуі өндірістік кооператив, 35-і ауыл шаруашылығы кооперативі, 2863-і шаруа қожалық. Биылғы сегіз айда аудандағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 26,6 миллиард теңгеге немесе нақты көлем индексі 101 пайызға жетті. Яғни, өсімдік шаруашылығы бойынша 12,1 миллиард теңгені немесе нақты көлем индексі 105 пайызды, мал шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 14,5 миллиард теңгені немесе нақты көлем индексі 100 пайызды құрады. Биыл егіс алқаптарынан 4582 тонна бидай, 12357 тонна жаздық арпа, 588 тонна майлы дақылдар, 13225 тонна картоп, 68272 тонна көкөніс, 21649 тонна бақша және 308934 тонна мал азығы жиналды. Әр гектардан түсім орта есеппен бидайдан 10, жаздық арпа 9,2, майлы дақылдар 4,9, картоп 230, көкөніс 303, бақша 277,2 центнерді құрады. Жыл өткен сайын ағын су мәселесі өзекті болып келеді. Бүгінде Тоғызтарау ауылының аумағындағы Аса өзенінің арнасына гидротехникалық ғимарат құрылысы жүргізілуде. Жобалық құны – 138,8 миллион теңге. Бұдан бөлек, Аса өзенінің арнасына шлюз орнату үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасы жаңаруда. Бүгінге дейін 123 жаңа техника алынған. Сонымен қатар, ауданда жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын 113 қойма бар. Оның жалпы көлемі 42400 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда Ақбұлым ауылында бір қойма салынуда. Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдары жеміс және көкөніс сақтайтын 4 қойма салу жоспарлануда. Олардың жобалық қуаты 1560 тонна. Жайылым жерді пайдалану бойынша да ауданда бірқатар жұмыс атқарылуда. Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жер 177020 гектарды құраса, елді мекендегі жайылым жер 33321 гектар. Ал, орман қоры жайылымы 64564 гектар болса, ауылдық округтердегі қоғамдық пада үшін 18761 гектар жер берілді. Жетіспейтін жайылым көлемі 87100 гектарды құрады. Бүгінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 37300 гектар жайылым жетіспеушілігі анықталып отыр. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 5878 гектар жер мемлекет меншігіне алынды. Оның 310-ы егістік, 7-і шабындық, 5561 гектары жайылымдық жер телімдері. Президент тапсырмасына сәйкес, ауданда 2019 жылдан бері «Ауыл аманаты» жобасы Бесағаш, Өрнек, Қаракемер ауылдық округтерінде іске асып, жергілікті жұрт тұрақты жұмысқа орналасты. Жоба аясында Бесағаш ауылында 285, Өрнек ауылында 89, Қаракемер ауылында 164 азамат жұмыспен қамтылып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көп көңіл бөлген. Ауданда жыл басынан бері 532 жеке кәсіпкер 2,2 миллиард теңге несие алды. Яғни, Бесағаш ауылдық округіндегі 279 аула 1 миллиард теңге, Өрнекте 89 аула 366,3 миллион, Қаракемерде 166 аула 875 миллион теңге қаржы алды. Ал, Айша бибі, Қарасу, Тоғызтарау ауылдық округтерінде 379 құжат 2,5 миллиард теңгеге өтінім өткізіп, қазіргі таңда 128 аула 836,8 миллион теңге несиеге қол жеткізді. Ауданда 15 өнеркәсіп нысаны жұмыс істеп тұр. Оның 1-еуі – орта, 14-і – шағын кәсіпкерлік. Осы жылдың 8 айында өнеркәсіп саласында 20,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілді немесе нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. Ал ауданда 2025 жылға дейін жалпы құны 64,7 миллиард теңгені құрайтын 263 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 1166 жаңа жұмыс орны құрылады. Ауыл шаруашылығы бағытында 2,2 миллиард теңгеге 58 жоба іске асырылып, 323 жұмыс орны ашылатын болады. Оның 15 жобасы осы жылы іске асады. Ал, өнеркәсіп саласында жалпы құны 28,5 миллиард теңге болатын 57 жоба іске асырылып, 526 жұмыс орны құрылады. Оның 21-і биыл жүзеге аспақ. Сондай-ақ, 2027 жылға дейін шартты құны 34 миллиард теңге болатын 148 бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 767 жұмыс орнын ашу көзделуде. Ауданда шағын және орта бизнесті дамытуда да бірқатар жұмыс атқарылуда. Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін 9091 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Оның ішінде тұрақты жұмыс істеп тұрғандары – 8218 субъект. Бұл салада 7915 адам жұмыс атқаруда. Өндірілген өнім көлемі – 18,5 миллиард теңге. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде 32 жоба 513,3 миллион теңгеге несие алып, 35 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 16 жоба пайыздық ставканы субсидиялау, 16 жоба банктік кредиттері бойынша кепілдік беру қарастырылған. Құрылыс саласында бүгінге дейін 6,6 миллиард теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нақты көлем индексі 135,4 пайызды құрады. Бүгінде аудан көлемінде бюджет қаражаты есебінен барлығы 4,4 миллиард теңгеге 36 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде облыс әкімдігі құрылыс басқармасының қаржыландыруымен 3 жоба, аудандық бюджеттің қаржыландыруымен 33 жоба іске асырылуда. Биыл пайдалануға берілген жекеменшік тұрғын үй көлемі 52905 шаршы метрді немесе 101,4 пайызды құрады. Ауданда тұрғын үй кезегіне 1582 адам тіркелген. Оның 116-сы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 596-сы әлеуметтік әлсіз топтағы адам, 553-і көпбалалы отбасы, 317-сі мемлекеттік қызметшілер. Биыл 80 пәтерлі 4 үйдің және қосымша 2 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін бюджеттік өтінім тапсырылып, қаражат бөлу күтілуде. Осы 6 тұрғын үй пайдалануға берілген жағдайда кезектілік 33,5 пайызға төмендеп, 480 адам баспанамен қамтылады. Бұдан бөлек, биыл әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға «Асар» жобасымен 16 ауылдық округте 1 үйден тапсыру жоспарланған. Бүгінде 7 үйдің құрылысы жүргізілуде. Аса ауылында 1 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында 4 маманға тұрғын үй алуға қаражат берілген. Ауданда жер телімін алуға 19062 адам кезекте тұр. 2021 жылы 7 елді мекеннің жаңа тұрғын үй алқабына электр желісі, су, газ тартылып, кезектілікке сәйкес 1053 азаматқа жер телімі берілсе, биыл Аса ауылында кезекте тұрған 811 адамға жер телімі үлестірілді. Аудандағы 42 елді мекеннің 35-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған немесе тұрғындардың 86,3 пайызы таза ауыз суды тұтынып отыр. Жыл соңына дейін Бесағаш, Түрксіб, Кемел ауылдары таза ауыз сумен қамтылады. Жыл қорытындысымен тұрғындардың таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 90,5 пайызға жетеді. Қазіргі таңда Ерназар, Жаңаөткел, Қызылшарық, Бектөбе ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын бастауға республикалық бюджетке қаржыландыруға өтінім ұсынылды. Осы жобалардың құрылыс жұмыстарын бастауға аудандық бюджеттен әр ауылға 2 миллион теңгеден бөлінді. Сондай-ақ, Жұма, Өрнек ауылдарының ауыз су жүйесі құрылысының құжаттары әзірленуде. 2025 жылға дейін аталған жобалар іске асқан жағдайда таза ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Бүгінде 42 елді мекеннің 38-і табиғи газды пайдалануда. Тоғызтарау, Жаңаөткел, Құмсуат ауылдарын ауылішілік газбен қамту үшін құжаттары әзірленіп, қаржыландыруға өтінім ұсынылды. Сондай-ақ, магистральды газ құбырын тартудың жобалық-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Бұдан бөлек, Сеңгірбай ауылына магистральды газ құбырын және ауылішілік газ құбыры құрылыс жобасының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Осы аталған 4 елді мекен табиғи газға қосылған жағдайда аудан тұрғындары көгілдір отынмен толық қамтылады. Аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 321,6 километрді құрайды. Оның 72 километрі республикалық, 85,7-і облыстық, 163,9-ы аудандық маңызы бар жолдар. Биыл ауданға тиесілі 9,2 километр жол жөнделді. Сондай-ақ, ауданға қарасты 17 ауылдық округтегі 42 елді мекенде 427,9 километрді құрайтын 539 көше мен бұрылыстары бар. Биыл 30 елді мекеннің жалпы ұзындығы 74,2 километрді құрайтын 93 ауылішілік көше жолдары жөнделуде. Тағы бір атап өтерлік жағымды жаңалық, «Аса» станциясында теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпірдің құрылысы басталды. Осы мәселені шешу үшін аудан тұрғындар Премер-Министрдің орынбасары Р.Склярдың қабылдауында да болған еді. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінбегеннен кейін біз осы жылы аудандық бюджеттен 160 миллион теңге қарап отырмыз. Жобаның жалпы құны 360 миллион теңге. Алдағы жылы қалған қаражатты бөліп, жобаны аяқтайтын боламыз. Электр желілері мен трансформаторлардың 50 пайызынан астамының тозығы жеткен. Биыл 9 елді мекеннің 24 көшесі мен бұрылыстары жарықтандырылуда. 10 елді мекеннің ауылішілік бағаналары мен желілері тартылып, трансформаторлары және жарықтандыру құрылғылары ауыстырылып жөнделеді. Теміржол стансаларының аумағында орналасқан Аса, Жұма, Шайқорық ауылдарындағы үйлерді электрмен жабдықтауға 361,7 миллион теңге қаржы қажет. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін ағымдағы жылдың екінші нақтылауында аудандық бюджеттен 6 миллион теңге бөлінді. Негізі, қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылған. Бірақ, республикалық бюджеттен қаржыландырылмай кері қайтарылды. Алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде қаржыландыру көзделуде. «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019-2022 жылдары 70 жоба іске асырылып, 183 тұрақты жұмыс орны ашылды. Бұл жобамен 5 тіректі, 12 спутниктік елді мекен қамтылды. Биыл 45 жоба іске асырылуда. Атап айтсақ, 6 елді мекенде спорт кешенінің, 2 ауылда мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде және 6 елді мекеннің 37 ауылішілік көше жолдары жөнделуде. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша биыл жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4533 адам қатысты. Яғни, тұрақты жұмыспен 2148 азамат, уақытша жұмыспен 1675, жастар тәжірибесімен 149 адам қамтылды. Кәсіптік оқытуға 710 адам жолданды. Аудандағы 39 білім беру мекемесінің 26-сы типтік, 12-сі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 29 орта, 9 бастауыш, 1 негізгі мектептегі 930 сынып комплектісіндегі 16601 балаға 2105 ұстаз білім беруде. Сонымен қатар мектепалды дайындық бойынша 68 сынып комплектісінде 1052 бала білім алуда. Биыл Шоқай ауылында 150 орындық мектеп пайдалануға берілді. 2024-2025 жылдары қолданыстағы тозығы жеткен 7 бастауыш мектептің орнынан жаңа типтік жобадағы орта білім беретін мектеп ғимаратын соғу жоспарлануда. Алдағы жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында Шайқорық ауылында 300 орындық мектептің құрылысы басталмақ. «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде 20 жоба іске асырылды. Биыл жоба аясында жоспардан тыс мектептерге тартылған демеушілер 20, 8 миллион теңгеге 98 рет көмек көрсетті. Ал, «Мейірім» жобасы шеңберінде 134 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға 3 миллион теңгеге көмек берілді. Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме бар. Оның 19-ы ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бүгінде Шайқорық ауылында 45 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның, Жаңаөткел ауылында 5 келушіге арналған медициналық пункттің құрылысы жүргізілуде. Ал, Өрнек ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. 2024-2027 жылдары 8 елді мекендегі ыңғайластырылған медициналық нысандардың орнына жаңа ғимарат соғу жоспарлануда. Биыл қастерлі өңір 85 жылдығын атап өтіп жатыр. Мерейтой аясында түрлі мәдени іс-шаралар бастау алып, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындарға басымдық берілуде. Жалпы, өңірде 1 аудандық, 4 ауылдық мәдениет үйі, 14 ауылдық клуб бар. Биыл Гродеково ауылдық мәдениет үйі мен Ащыбұлақ ауылдық клубына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қызылқайнар ауылында 180 орындық, Ақбұлым ауылында 90 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының құрылысына аудандық бюджеттен 172,2 миллион теңге бөлініп, жұмыстар басталып кетті. Сонымен қатар, аудандық орталық кітапхана ғимаратының құрылысын бастауға 10 миллион теңге, жасөспірімдерге арналған демалыс орталығының құрылысын бастауға 10 миллион теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. 2027 жылы Түрксіб, Бесағаш, Сұлутөр, Ш.Ниязбеков ауылдарына клуб салу жоспарлануда. Аудандағы кітап қоры 226,3 мың дананы құрайды. Оның ішінде мемлекеттік тілдегісі – 152,3 мың дана. «Ауыл ел – бесігі» жобасы шеңберінде биыл 5 спорт кешенінің құрылысына 976,7 миллион теңге бөлініп, құрылысы аяқталуға жақын. Сұлутөр ауылындағы спорт кешені жуырда пайдалануға берілсе, Бесағаш ауылындағы спорт кешенінің құрылысы басталды. 2024-2026 жылдары Тастөбе, Қызылқайнар, Ақбұлым ауылдарынан спорт кешендерінің, Ерназар, Бірлесу-Еңбек, Ащыбұлақ, Тоғызтарау ауылдарынан модульді спорт кешендерінің құрылысын жүргізу жоспарлануда. Бүгінде аудан тұрғындарының 32,3 пайызын жастар құрайды. Ауданда 37 NEET, 873 жұмыссыз жас тіркелген. 146 жас «Бастау Бизнес» жобасымен оқытылды. 100 жас «Жасыл ел» жасақтары қатарына алынды. Волонтерлермен 47 жұмыс атқарылды. Қамтылған еріктілер саны 2080. Бүгінде «Жамбыл жастары» және «Ақжүрек» жастар клубы жұмыс атқаруда. 2025 жылға дейін тағы 2 волонтерлік клуб ашып, ерікті жастардың санын 10152-ге жеткізу көзделуде. Ауданда 1 спорт кешені, 2 спорт мектебі, 17 үлкен футбол, 41 шағын футбол, 18 «Street workout», 25 балалар ойын алаңшасы бар. Осы жылы Қаратау, Қызылдихан, Түрксіб, Аса, Тоғызтарау ауылдарында шағын футбол алаңдары пайдалануға берілмек. Ш.Ниязбеков ауылындағы шағын футбол алаңын қоршау және ауласын абаттандыру жұмыстары аяқталды. 3 елді мекеннің шағын футбол алаңына жасанды төсем төселінді. Сондай-ақ, 6 ауылда балалар ойын алаңшалары орнатылуда. Қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында 27 елді мекеннің кіреберісіне және шығаберісіне 110 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сондай-ақ, биыл 8 елді мекенге 22 бейнебақылау камерасы орнатылып отыр. Қаракемер, Ерназар, Тастөбе, Қызылқайнар, Ш.Ниязбеков ауылдарына тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктін салу үшін құжаттары әзірленуде. Әрине, қордаланған мәселелерді қызметке кіріскен сәттен бастап, алғашқы орынға қойдым. Есебінен ауылішілік көшелер, шағын спорт алаңшалары, жарықтандыру мәселелері оңтайлы шешімін тауып келеді. Мәселен, бір ғана Бесағаш ауылында бас-аяғы 32 көшеге асфальт төселуде. Ауыз су құрылысы да толық аяқталуға жақын. Бұл дегеніміз, біз мүмкіндігінше бір округтің толық мәселесін шешіп отырмыз. Жоғарыда айтылған, атқарылған жұмыстар жоспарға сәйкес жоспарланып атқарылу үстінде.  

Ерлан ҚЫДЫРАЛЫҰЛЫ,

аудан әкімі.

Жамбыл ауданы

 

Ұқсас жаңалықтар