Ел намысын қорғаған өрендер

Ел намысын қорғаған өрендер
ашық дереккөз
Ел намысын қорғаған өрендер
Отанның атын әлемге танытатын чемпиондар нағыз патриоттардың арасынан шығады. Себебі, бір мемлекеттік намысы сынға түскен байрақты бәсекеде топ жарып, алтыннан алқа тағыну – нағыз батырдың ісі. Ондай батыр да, батыл ұл мен қыздар – біздің өңірде аз емес. Соған тағы да көзіміз жетіп отыр. Қырғыз елінің Бішкек қаласында таэквондо спортынан жасөспірімдер арасынан әлем чемпионаты өтіп, жамбылдық 20 жасөспірім Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетіп, оның ішінде 16 спортшы сенімді ақтап, абыройымызды аспандатты. Атап айтқанда, 12-13 жасар асында 6 0 килограмм салмақта Айзере Әлімқұлова, 55 килограмда 10- 11 жас арасында Әлия Тұран, 12-14 жас арасында Анджилина Каримова, 12-14 жаста 60 килограмм салмақта Тахмина Шайхсламова алтыннан алқа тағынды. Бұл спортшылардың әрбірі 7 кездесуден өткізді. Яғни, 7 мемлекеттің үмітін үкілеп келген спортшыларды ұтып кетті деген сөз. Тіпті, жерлесіміз Әлия Тұран жартылай финалда қырғыз спортшысымен сынға түсті. Міне, осы тұста төрешілер тарапынан жерлес спортшыға шамалы бұрмалау орын алыпты. Сол жағдайларға қарамастан Әлия қырғыз қарсыласын айқын ұтып, жеңіске жетіпті. Финалда ресейлік спортшыны қапы қалдырып, алтын медаль иеленген. Тіпті, Әлия Тұран екі сынақ бойынша өнер көрсетіп, екі алтын медаль еншіледі. Патриоттық деген осы емес пе? Бішкек төрінде өз салмақтарында Бұлбұл Қошқарбай, Жаннұр Байжомарт, Іңкәр Асанбай, Еркебұлан Нұрлыбек финалға дейін еркін жетіп, күміс медаль иеленді. Ал, өз салмақтарында Азамат Нұрмағанбет, Асылбек Байжомарт, Бекнұр Байжомарт, Ақбота Әріп, Ақерке Әріп, Нұрислам Асқарұлы, Марсель Дунаев қола медальға қол жеткізді. Біздің патриот ұл- қыздарымыз қола медальға жету жолында алғашқы төрт қарсыластарын ұтты. Бұл – төрт мемлекеттің чемпион спортшылары деген сөз. Қай мемлекеттің спортшысы жарысқа жеңілемін деп келеді? Бәрі де медальдан дәмеленіп келетіні анық. Соның ішінде нағыз батыл, дайындығы жақсы намысшыл, патриот спортшылар жеңіске жетеді. Міне, біздің 16 жерлесіміздің бойынан осындай патриоттық қасиет, отаншылдық сезім табылып отыр. Жалпы, 30 мемлекеттен келген 1500 спортшының арасынан Қазақстан құрамасы командалық есепте Ресейден кейінгі екінші орынға қол жеткізген. Бұл жеңісте біздің жамбылдық спортшылардың таудай үлесі бар. Жеңімпаз ұл-қыздарды бастап барған облыстық құраманың бас бапкері Нұрдәулет Қабаевты сөзге тарттық. «Дәл осы әлем чемпионатына дайындығымыз өте жоғары болды. Тиянақты дайындалдық. 20 спортшының 16-сы жүлдеге ілігу деген өте үлкен жетістік. Бес шәкіртім алтын, төрт шәкіртім күміс жүлде иеленді. Қола медаль алған жеті шәкіртіме де ризамын. Олардың жүлделері алтынға бергісіз. Командалық есепте жүлдеге ілігуімізге әр медаль әсер етті. Барлық шәкірттеріме рақмет. Олар – өз Отанының патриоттары. Алдағы уақытта да өз жеңістерімен Отанға адал еңбектерін сіңіре беретіні анық, – дейді ол.  

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар