Жүйелі жұмыстар жалғасын табады

Жүйелі жұмыстар жалғасын табады
ашық дереккөз
Жүйелі жұмыстар жалғасын табады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауларында ауыл әлеуетін көтеріп, шалғай елді мекендердің экономикасын дамытуды қолға алуды тапсырды. Бүгінде осы салада атқарылып жатқан «Ауыл – ел бесігі» мен «Ауыл аманаты» жобаларының нәтижесі қуантарлық. Ел Президенті «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «... Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды», деді. Осы Жолдау аясында біздің өңірде де біраз шаруалар атқарылуда. Жамбыл ауылдық округі аудан орталығынан – 15 километрде орналасқан. Округтің аумағы 42 469,9 гектарды құрайды. Округте екі елді мекен орналасқан. Олар Жамбыл, Жаңатұрмыс ауылдары. Халық саны 1054 тұрғынды құрайды. 960 оқушыға арналған 2 орта, 1 жекеменшік бастауыш мектеп 80 және 350 орындық 3 жекеменшік балабақша, 2 дәрігерлік амбулатория, 2 кітапхана, 2 пошта, 2 мешіт қызмет көрсетеді. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2021 жылы 90 орындық мәдениет үйі салынып, қолданысқа берілді. Ауылға тартылған жалпы инвестиция көлемі – 15 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ, Жолдауда Президент: «...Ауыл аманаты» жобасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек» деді. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын қолдауға арналған түрлі бағдарламалары жергілікті халықтың кәсіппен айналысуына жол ашуда. Бүгінде окугте 289 жеке кәсіпкер бар. Оның 236-сы мал шаруашылығымен айналысады. Бұдан бөлек, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 2 ірі агроқұрылым жұмыс істейді. Сонымен бірге 95 шаруа қожалық кәсібін дөңгелетіп отыр. Округте 4598 мүйізді ірі қара, 24960 қой-ешкі, 703 жылқы, 35561 құс бар. Экономиканың дамуына қан жүгіртетін сала – жол. Ауыл ішіндегі жолдарының жалпы ұзындығы 26,2 километрді құрайды. Оның 29-ы республикалық, 4,2 километрі аудандық маңызы бар жол. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жамбыл, Жаңатұрмыс ауылдарындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеуден өткізуге 279 миллион 880,5 мың теңге бөлініп, ашық конурс арқылы «Dauren build» ЖШС жеңімпаз атанды. Нәтижесінде жалпы округ бойынша ауылішілік жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 94 пайызға жетті. Елді мекенді жарықтандыру бойынша округте барлығы 29 көшенің 11 көшесі электр жарығымен қамтылды. Биыл аудандық бюджеттен Жаңатұрмыс ауылының Өрлеу көшесі жарықтандырылуда. Табиғи газбен қамту жұмыстары ауылда өз жалғасын табуда. Мәселен, Жамбыл ауылында – 753 үй, оның ішінде 645 үйге газ тартылған. Ал, Жаңатұрмыс ауылында 301 үй бар. Оның 290-на газ кірген. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойыншада тиісті шаралар атқарылуда. «Қордай- су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын балансына 730 тұрғын үй қосылған. Ауыз су жүйесіне яғни, Жамбыл ауылы Алға көшесіне 1,6 километр, Жаңатұрмыс ауылындағы Ғ.Мұратбаев көшесіне 2,2 километріне ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмектер бойынша осы жылы 45 отбасы қамтылды. Олардың атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініші қабылданып, 37 отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды. Бір жолғы әлеуметтік көмек 6 адамға берілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 3, алғашқы жұмыс орындарымен 2, күміс жаспен 4, «Жастар тәжірибесі» бойынша 11 жас маман жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 50 жұмыссыз азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. Тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 98, қайтарымсыз грантпен есепті жылы 2 азамат қамтылды. Жалпы, округте демеушілер тарапынан 214 адамға қайырымдылық көмектер көрсетілді. Ал, халық ішіндегі қайырымдылық шараларына тоқталып өтер болсақ, «Жомарт түлек», «Асар» жобалары аясында Жаңатұрмыс ауыл жастары және ауылдан шыққан меценаттар Жаңатұрмыс ауылы «Жаңатұрмыс» мешітін қоршап, асхана құрылысын жүргізуде. Биыл Жамбыл ауылындағы бір отбасы тұрып жатқан баспанасынан өрт шығып, толығымен өртке оранған болатын. Араға бір жарым ай салып үй толығымен күрделі жөндеуден өткізіліп, жиһаз жабдықтарымен қайта пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Жамбыл ауылының тұрғыны көп балалы жалғызбасты ана Ұлбосын Искаковаға ауыл белсенділері Жамбыл ауылынан тұрғын үй сатып алып берді. Халықтың табысын, әл-ауқатын арттыру, аудан экономикасын дамыту мақсатында алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар жалғасын табатын болады.   Айдар БІРІМҚҰЛОВ, Жамбыл ауылдық округінің әкімі Қордай ауданы

Ұқсас жаңалықтар