Саңлақ спортшыларымыз топ жарды
«Amanat» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында да талай игі бастамалар жүзеге асып келеді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да өздерінің белсенділіктерін танытуда. Қырғыз елінің Бішкек қаласында Сурдлимпиадалық еркін күрестен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 16 мемлекеттен 120-дан аса спортшы қатысып, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы сапында 29 спортшы ел намысын қорғаған еді. Оның ішінде, облыстық дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 5 спортшы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша жерлестеріміз Нышанбек Мырзахмет жасөспірімдер арасында 60 килограмда жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, ересектер арасында 86 килограмм салмақта Шыңғысхан Әлдибаев және 74 килограмм салмақта Ғасыр Тұрғынбай қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл орайда спортшылардың жеке бапкері Ерназар Қонысбаевтың ерен еңбек сіңіргенін айта кеткен жөн.
Әлем чемпионатының чемпионы мен жүлдегерлерін жамбылдық жерлестері лайықты қарсы алып, құрмет көрсетті. Аталған жиында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков сөйлеп, ел мақтаныштарын Бішкектегі тамаша жеңісімен құттықтап, алдағы аламандарға да табыс тіледі.
Сонымен қатар, аталған спортшылардың бапкері Ерназар Дүйсенұлы ел сенімін ақтаған шәкірттерімен мақтанатынын айтып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Осылайша Бішкекте бағы жанған спортшыларға тараздықтар ерекше құрмет көрсетті.
Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




