Бір шаңырақтан – екі әлем чемпионы

Бір шаңырақтан – екі әлем чемпионы
ашық дереккөз
Бір шаңырақтан – екі әлем чемпионы
Бесағаштан спортқа қатысы жоқ отбасын табу қиын. Барлығының спорттан, қазақша күрестен хабары бар. Сондай отбасының бірі – Пахриденовтер отбасы. Жалпы, Дәулет Пахриденов деген балуанды жұртшылық тегіс таниды. Дәулет қазақ күресінен еліміздің бірнеше дүркін чемпионы, күрестің осы түрінен әлем чемпионы. Қазіргі таңда ол Шалғай Қарасудағы спорт кешенінде жасөспірім балаларға күрес түрлерінен бапкер болып қызмет атқарып жүр. Дәулеттің әкесі Серік – жеке кәсіпкер. Өзінің ауласында жылқы, сиыр бордақылап, ет бағытындағы жұмыстармен айналысады. Чемпионның анасы Ләззат ауылдық амбулаторияда аспазшы болып еңбек етеді. Кезінде Серік Пахриденов екеуі көрші тұрып, кейіннен тағдыр қосқан. Сол сүйіспеншілік үлгілі отбасы болуларына жол ашып отыр. Әлем чемпионы Дәулеттің әпкесі Алтынай – жедел жәрдем фельдшері болып еңбек етеді. Басқа бауырлары да өмірден өз орындарын тапқан. Ағасы Берік ветеринар маман болса, інісі Әділет те күрес түрлерімен айналысып жүр. Әділет 2022 жылы самбо күресінен өткен әлем чемпионатының алтын медаль иегері. Яғни, бір шаңырақтан екі әлем чемпионы шығып отыр. Біздің ауыл чемпиондар және балуандар ауылы ғой. Сол қасиет біздің балаларымызға да жұққанына қуаныштымын. Жолдасым Серік екеуміз осы балалардың тілеуін тілеп отырмыз. Қазақ елінің спортшы, мықты жігіттері, үлгілі қыздары көп болсын. Әр отбасында береке мен бақыт орнасын, – деп ағынан жарылды.  

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ

Жамбыл ауданы

Ұқсас жаңалықтар