Ер есімі – ел есінде
Былтыр барыс жылы бастала салысымен елдігіміз сынға түскені белгілі. Міне, осы тұста ішкі әскер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері антына адалдық танытып, міндетін абыроймен атқарды. Өкінішке қарай, алдыңғы шепке қасқайып шығып, ерлікпен жан тапсырған офицерлер аз емес. Солардың бірі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облыстық департаментіне қарасты Терроризмге қарсы күрес орталығының бастығы, подполковник Дастан Әділбай. Ол бүлікшілермен қақтығыс кезінде ақтық демі қалғанша күресіп, ақыры қаскөйдің көздеп атқан оғынан мерт болды. Жуырда батыр ұлды еске алу мақсатында құқық қорғау қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарысқа Жамбыл облысы мен Шымкент қаласының құқық қорғау және мемлекеттік органдарының қызметкерлерінен құрылған сегіз команда қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Бір минут үнсіздіктен соң басталған жарыстың ашылу салтанатында Дастан Әділбайдың ата-анасы қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
– Екінші қыркүйек ұлымның туған күні. Турнир осы күнге орайластырылған. Ұлымды ұмытпағандарыңыз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді. Дастанымның азды-көпті еңбегін бағалағандарыңызға разымыз. Ұлым өз жұмысын жақсы көрді, әріптестеріне құрметі бөлек еді, – деді марқұмның әкесі Әділбай Шатырбаев.
Айта кетейік, достық кездесудің нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Ұқсас жаңалықтар
«Тараз» футбол клубының жаңа құрамынан үміт көп
- 6 сәуір, 2026
Таразда велоспорттан республикалық ашық турнир басталды
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




