БЕЙНЕКАМЕРА – ТҮРЛІ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚҰРАЛЫ

БЕЙНЕКАМЕРА – ТҮРЛІ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚҰРАЛЫ
ашық дереккөз
БЕЙНЕКАМЕРА – ТҮРЛІ ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ҚҰРАЛЫ
Бүгінде Ішкі істер министрлігінің бастамасымен қарапайым тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көптеген жобалар жемісті жүзеге асуда. Мәселен, цифрландыру жүйесі негізінде көптеген көшелер мен аулаларда бейнекамералар орнатылуда. Айталық, қазіргі таңда бір ғана Тараз қаласының түкпір-түкпірінде орнатылған бейнекамералар қоғамдық тәртіпті қатаң бақылауға алған. Осылайша, тәртіп сақшылары көне шаһардың әрбір нүктесінде болып жатқан қым-қуыт тіршілікті күні-түні қадағалауға қауқарлы болып тұр. Жалпы, бұл күнде облыстық полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығында 210 бейнебақылау камерасы мен танып-талдау функциясы бар 100 камера үздіксіз жұмыс істейді. Тәулік бойы қызмет атқаратын бұл қондырғылар шен тағып, шекпен киген қауіпсіздік саласындағы қызметкерлердің жұмысын әлдеқайда жеделдеткені айтпаса да түсінікті. Жылдан жылға қала аумағы кеңейіп, халық саны өскендіктен, бейнекамераларға деген қажеттілікте арта түсетіні анық. Осы себепті, биыл жергілікті полиция қызметі 116 компьютерлік техникамен жарақтандырылмақ. Б ұ л жұмыстар ішкі істер органдарын дамытудың 2022-2024 жылдарға арна лған жол карт асы іс-шаралары аясында қолға алынады деп жоспарлануда. Айта кетейік, қазірдің өзінде жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жақсарып, полицейлер барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілді. Мәселен, қауіпсіздік күзетіндегі офицерлердің барлығы дерлік жүз пайыз қызметтік темір тұлпарларды тізгіндеп, оргтехникамен толық жабдықталып отыр. Қысқасы, бұл саладағы жарақтандыру 68,2 пайызды құрап, полиция қызметкерлері 2534 бірлік радио станциямен, сондай-ақ, 142 дана автомобильдік бейнетіркегішпен жұмыс істеуде. Соңғы уақытта бейнетаспалардың көмегімен көптеген қылмыстың жолы кесіліп, талай ұры қолға түсті. Тіпті, сыртқы бақылау камераларының арқасында көшелермен қоғамдық орындарда жасалған құқықбұзушылықтардың 70 пайызының ізі суымай ашылып үлгерді. Ал, осы жылдың 8 айында бас-аяғы 104 қылмыс анықталып, 18 тонау, 95 құқықбұзушылық пен 5 автокөлік ұрлығы тіркелген. Бұдан бөлек, 71 адам әкімшілік құқықбұзушылық бойынша жазаға т артылған. Өңірлік полиция департаментіне қарасты ақпараттандыру байланыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асқар Жораевтың айтуынша, бүгінде автоматтандырылған жүйенің жәрдемімен түрлі құқықбұзушылықтарға тосқауыл болуға мүмкіндік мол. – Қазіргі таңда департамент балансында әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай тізілімі (ЕРАП) жүйесіне арналған 932 дана мобильді планшеттер мен термопринтерлер бар. Осы жылы дәл осындай тағы 104 құрылғы алынбақ. Сонда барлық қызметкеріміз қажетті құрал-жабдықпен толық көлемде қамтамасыз етілетін болады. Облыс орталығындағы 180 көппәтерлі тұрғын үйдің 1140 кіреберісіне «Қазақтелекомның» «Бұлтты бейнебақылау» бағдарламасы аясында 2280 бейнебақылау камерасы орнатылып, жедел басқару орталығына орталықтандырылды. Сонымен қатар, «Кілемдік жабын» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде мектепке дейінгі 573 мекемеде 7456, жалпы білім беретін 507 мектепте 11 160 бейнекамера іске қосылды. Бұдан бөлек, 44 орта оқу орны 1385 бейнебақылау камерасымен қамтылды. Бұл күндері осы қондырғылардың жедел басқару орталығында байланыс арналарын ұйымдастыру бойынша тиісті жұмыст ар атқарылуда. Ал, «Қауіпсіз қала, жол қозғалысын талдау мен қауіпсіздіктің зияткерлік жүйесі» жобасы бойынша шаһар аумағында 1250 бейнебақылау камерасы мен тас жолдағы автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін фотосуретке түсіретін 48 бекеті орнатылған. Сондай-ақ, қосымша талдау функциясы бар 300 бейнебақылау камерасы мен қосалқы бөліктерден тұратын серверлік құрылғылар сатып алынды. Мониторингке сәйкес, қала ішінде бейнетаспалардың артуы түрлі қылмыстың дер кезінде ашылуына мүмкіндік беріп отыр. Өз кезегінде мұның бәрі қарапайым ха лықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлеріне қойылған міндеттерді мінсіз атқаруға оң ықпал етеді. Қорыта айтқанда, азаматтардың амандығы мен қоғамның тыныштығын сақтау құқық қорғау қызметкерлерінің басты міндеті. Сондықтан, алдағы уақытта аймақтағы түрлі қылмыстардың алдын алу, заңбұзушылықтарды болдырмау үшін қажетті бейнебақылау жүйесі орнатылатын болады. Өйткені, дәл қазір ашылып жатқан қылмыстардың дені сол бейнебақылау жүйелердің көмегімен анықталуда, – дейді Асқар Ергешұлы. Атап өтерлігі, жедел басқару орталығындағы барлық жазбалар бір ай мерзімге дейін сақталады. Ал, қылмыстық оқиғалар мен құқықбұзушылықты айғақтайтын жазбалар дерекқорға жолданады. Бұл жазбаларды қажет кезінде сот төрешілері, қорғаушылар мен тергеушілер пайдалана алады. Полицейлер бұрынғымен салыстырғанда қала ішінде жол ережесін бұзатындардың саны азайып, камера болғандықтан жүргізушілердің жан-жағына сақтықпен қарайтынын әдетке айналдырғанын да жеткізді. Бұл – жедел басқару орталығындағы өз қызметін мінсіз атқаруға тырысатын қыз-жігіттердің ерен еңбегінің жемісі. Олардың жұмысқа тиянақтылығы мен өз мамандығына деген шын ықыласын көргенде сүйсінбеске амалыңыз қалмайды. Өкінішке қарай, қала көшелеріндегі көлік кептелісіне жол сақшыларын кінәлайтын кейбір тұрғындар көше бойын бақылап тұрған бейнекамералармен бейнебақылау операторлары тәулік бойы тапжылмастан пульт басында отыратынынан мүлде бейхабар.  

Есен ӨТЕУЛІ.

Ұқсас жаңалықтар