Кәсіби жастар бақ сынасты
Облыстағы жұмысшы жастар арасында үздіктерін анықтау, олардың кәсіби шеберлігін қолдау және дамыту, еңбек нарығында олардың бәсекелестігін арттыру, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін көтеру, өнеркәсіптің дамуына жәрдемдесу, өнімдерді дайындау мен безендірудегі прогрессивті бағыттарды анықтау мақсатында кәсіби жастардың «Профи-2023» облыстық байқауы «Жастар ресурстық орталығының» бастамасымен 16 жылға жуық өткізіліп келеді. Байқауда Вarbershop, визажист, дәнекерлеуші, кондитер, әйелдер шаштаразы аталымдары бойынша облыстың кәсіби жастары өз шеберліктерін сынға салды. Байқауға әр аталым бойынша Тараз қаласы мен аудандардан және оқу орындарынан үміткерлер қатысты.
Байқауға қатысушылар Қ.Рысқұлбеков с аябағында жиналып, тіркеуден өткеннен кейін арнайы автобуспен әр аталым бойынша байқау өтетін орынға жеткізілді. «Barbershop ісінің шебері» аталымы «Barbershop 38», «Ельвин Barbershop» ерлер шашт араздарында, әйелдер шаштаразы «Тараз сервис және технология» колледжінде өтті. «Makeup Dariga», «Райхан» сұлулық салондарында «Визажист ісінің шебері» аталымы, Жамбыл индустриалды-технологиялық колледжінде «Дәнекерлеу ісінің шебері» аталымының жұмыстары әзірленді. Ал, кондитер мамандарына «Тараз сервис және технология» колледжінің оқу корпусы таңдалып алынды.
Байқауда кондитерлер түрлі мерекелік кештерге арналған креативті дизайнмен торттар әзірлесе, шаштараз ісінің шеберлері мен визажистер түрлі образдармен өз модельдерін сәндеп көрсетті. Ал, «Дәнекерлеу ісінің шебері» аталымының қатысушыларына үй тапсырмасы мен мангал жасау тапсырмасы берілді. Қатысушылардың жұмыс барысы қазылар алқасымен және орталық қызметкерлерімен қатаң қадағаланып, барлық талап- ережелердің бұзылмауы ескерілді.
Байқау соңында «Barbershop ісінің шебері» аталымы бойынша Рустам Набиев, «Кондитер ісінің шебері» аталымы бойынша Зарина Камалова, «Әйелдер шаштаразы ісінің шебері» аталымы бойынша Ербол Асылбеков, «Визажист ісінің шебері» аталымы бойынша Қарлығаш Өмірзақова, «Дәнекерлеу ісінің шебері» аталымы бойынша Төрекелді Тұрмағанбет жүлдегер атанды.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан әр аталым бойынша І орынға 100 мың теңге, ІІ орынға 70 мың теңге, ІІІ орынға 50 мың теңгелік сертификаттар, дипломдар мен байқау жеңімпазына арнайы сыйлықтар берілді.
Сонымен қат ар, жүлделі орындардан бөлек демеушілер тарапынан «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталған 8 қатысушы болды.
Назерке СӘНДІБЕК.
Ұқсас жаңалықтар
Жоба тауарлы несие беруді арттыруы керек
- Бүгін, 00:19
Құрылыс саласында 282 жоба жүзеге асуда
- Бүгін, 00:15
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді