Таулы аймақтағы табиғи өрт сөндірілді
2 тамызда Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 километр жерде орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі аумағындағы таулы аймақта (Аспара-Меркі орман шаруашылығының 3-4 орамдары) алдын ала болжам бойынша 300 гектар алқаптың қураған шөбі жанды. «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің 1,5 тонна су жинау құрылғысы бар «Ан-2» ұшағымен өрт ошақтарына әуеден 18 рет шамамен 27 тоннаға жуық су төгілді. «Қазавиақұтқару» мекемесінің «ЕО-145» тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілді. Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» күзетінің, жергілікті атқарушы органдардың және облыстың төтенше жағдайлар күштері мен құралдарынан 270 адам, 36 техника, бірнеше авиация жұмылдырылды.
Облыстың төтенше жағдайлармен күрес қызметі азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




