![Сотталғандар арасында спорттық шара өтті](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2023/08/whatsapp-image-2023-08-16-at-16.24.36.jpeg)
Сотталғандар арасында спорттық шара өтті
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер арасында моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорттық шара ұйымдастырылды. Бұл күні арнайы контингент өкілдері спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынасты. Атап айтқанда, олар кіші футбол, арқан тарту және гір тасын көтеруден кім мықтыны анықтады.
Жарыс соңында белсенділік танытқан бірқатар сотталған азаматтар мекеме әкімшілігі тарапынан марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді