Досжанның болашағынан үміт зор
Шалғайда жатқан Мойынқұм ауданында да спорт, қазақ күресі жақсы жолға қойылған. Осы кезге дейін ауданнан бірнеше Азия чемпиондары шығып, ел мерейін асырды. Алдыңғы толқын ағаларының ізін басқан жас балуанның бірі – Көкжелек ауылының мақтанышы Досжан Құрманқұл. 13 жасар Досжанның болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Ол жақында Меркі ауданында самбо және қазақ күресінен спорт шебері Мұхит Рахышевты еске алуға арналған аймақтық ашық турнирде алтын медальға қол жеткізді. Бұл – Досжан Құрманқұлдың үлкен жеңісі. Жарыста әр салмақта 24 балуан бақ сынасты.
Досжан алтын тұғырға жету үшін бес қарсыласынан басым түсті. Досжанның спортқа қызығушылығын оятқан ағасы – Серік Құсбеков. Ал, спорттағы алғашқы бапкері – Серік Ынтықбаев. Аудандық №23 спорт мектебінің директоры Ринат Дүйсенов те Досжанның болашағына үлкен сеніммен қарайды.
Досжан қазіргі таңда алдағы уақытта өтетін жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионатына, халықаралық турнирлерге дайындықты бастап кетті.
Есет ДОСАЛЫ
Мойынқұм ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«Жамбыл» бокс орталығы ашылды
- Бүгін, 04:45
Шорт-тректен қысқы Олимпиадаға 9 қазақстандық қатысады
- 12 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




