Дильяра Тұрсынбек топ жарды
Италия мемлекетінің Ассизи қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирінде 64 килограмм салмақта таластық боксшы Дильяра Тұрсынбек чемпион атанды. Болашағынан үміт күттіретін спортшы барлық қарсыласын еркін ұтып, нағыз шебер екенін байқатты. Дильяра Талас ауданындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады. Жеке бапкерлері – Асан Сейдалиев пен Берік Қойтасов.
Дильяра осы кезге дейін де жақсы нәтижемен көрінген спортшы. Жасөспірімдер арасында – ел чемпионы. Ол туралы бапкері Асан Сейдалиев:
– Біздің аудандық балалар- жасөспірімдер спорт мектебінде талантты боксшылар бар. Солардың арасында Дильяраның шоқтығы биік. Алты жылдан бері спортпен тұрақты айналысып келеді. Болашағынан үлкен үміт күттіреді. Еңбектің ақталғанына, осындай шәкірттеріміздің жетістігіне шын қуанамыз, – деді.
Дильяра Тұрсынбек бүгінде алдағы уақытта өтетін ел чемпионатына, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына дайындыққа кірісіп текетті.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«Жамбыл» бокс орталығы ашылды
- 13 желтоқсан, 2025
Шорт-тректен қысқы Олимпиадаға 9 қазақстандық қатысады
- 12 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




