Жаңалықтар
Венгрия компаниясы Таразда сутегі автобустарын іске қосуға ниетті
- author «Ақ жол»
- 5 шілде, 2023
- 235
Венгрия компаниясы Таразда сутегі автобустарын іске қосуға ниетті
Шетел компанияларының облысымызға жұмыс істеуге, инвестиция құюға деген қызығушылығы жоғары. Кеше облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Венгрия мемлекетінің елшісі Отто Ронаны қабылдады. Кездесуге Венгрияның Алматыдағы бас консулы Ференц Бауманн, «ANM Group», «Globalia Kft» компанияларының өкілдері де қатысты. Өңір басшысы екі ел арасында өзара тиімді стратегиялық әріптестік орнатылғанын және өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін барлық мүмкіндіктер бар екенін атап өтті.
Жамбыл облысының Венгриямен тауар айналымы өткен жылы 60,5 мың АҚШ долларын құраса, биыл 110,4 мың долларға жеткен.
Басқосуда тараптар көлік үшін экологиялық таза отын ретінде «жасыл» сутегін өндіру бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады. Жоба аясында облысымызда күн электр стансасын, автожанармай құю бекеттерін салу, сондай-ақ сутегімен жүретін автобустарды жеткізу жоспарланды. Оған құйылатын инвестиция көлемі 120 миллион АҚШ долларын құрайды, ал жоба іске асырылғанда 80 жаңа жұмыс орны ашылмақ.
Бұдан бөлек, «Globalia LTD» компаниясы аймақта қызанақ өсіру және өңдеу зауытын салуды жоспарлауда.
Кездесу барысында энергетика саласындағы жобаларға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, Тараз қаласының ЖЭО жаңғыртуға байланысты мәселелер талқыланды.
Отто Рона сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге және арттыруға мүдделі екендігін жеткізді.
Венгрия елшісі екі ел арасындағы тарихи және мәдени берік байланыстың бір негізі ретінде Венгрияға қазақ даласынан қоныс аударған қыпшақ тайпалары ұрпақтарының тұратындығын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы меморандумдарға қол қойды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді