Жамбылдық палуан жеңімпаз атанды
Астана күні қарсаңында өткен дәстүрлі «Қазақстан барысы» турнирі жамбылдықтар үшін сәттілікке толы болды. Әулиеаталық Ғалымжан Қырықбаев әскерилер сапында өнер көрсетіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Ол алғашқы қарсыластарын айқын ұтып, ширек финалда қарсыласы Саят Шамшиевті жеңді. Бұл турнирдің жартылай финалында жерлесіміз Ғалымжан Қырықбаев танымал палуан Марат Байқоңыровты да белдесуде ұтты. Ал, маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылқапов керекулік Мұхтар Дәлелханұлынан басым түсті.
Финалда Ғалымжан Қырықбай мен Нұрдәулет Жарылқапов негізгі уақытта тең күресті. Ал, қоян-қолтық белдесуде Ғалымжан Қырықбаев айласын асырды. Осылайша, Ғалымжан Қырықбаев биылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы атанды.
Үшінші орын үшін таласта Мұхтар Дәлелханұлы Марат Байқоңыровты жеңіп, қола белбеу иегері атанды. Ал, жамбылдық өзге палуандар жүлделі орыннан көріне алмады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




