Жаңалықтар
Домбыра күнінде жамбылдық 150 домбырашы бір мезетте күй орындады
- author «Ақ жол»
- 2 шілде, 2023
- 576
Домбыра күнінде жамбылдық 150 домбырашы бір мезетте күй орындады
Ұлттық домбыра күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен “Жеңіс” саябағында өткен “Домбыра - дастан” мерекелік іс-шарасында қазақ күйлері күмбірледі.
Ұлттық домбыраны ұлықтауға арналған кешке К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері мен домбыраны жанына серік еткен 150 өнерпаз қатысты.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев пен облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай қала тұрғындарымен бірге концертті тамашалады.
Домбыра party-да Құрманғазы Сағырбайұлы, Ықылас Дүкенұлы, Әбдімомын Желдібаев, Аман Малдыбаев т.б. белгілі күйші-композиторлардың шығармалары орындалды.
Айта кетейік, Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілді. Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі.
Айтулы мерекені ел көлемінде атап өтуде жамбылдықтар бесінші мәрте белсенділік танытып өз үлестерін қосты.
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Қариялардың бар жағдайын жасайтын орталық
- 16 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




