- Advertisement -

Халықаралық азаптау құрбандарын қолдау күні

134

- Advertisement -

1997 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 26 маусымды азаптау құрбандарын қолдау үшін БҰҰ-ның халықаралық күні деп жариялады.

Қазақстан 1998 жылы азаптауға қарсы конвенцияны ратификациялады және бұл құбылысты жоюға ұмтылуда.

Конвенция ережелерін орындау Қазақстандағы құқықтық қорғау институттарын одан әрі дамыту жолында түбегейлі маңызды бағдар болып табылады.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты бағдарламасында азаматтардың құқықтарын қорғауды ерекше атап өтті. Азаптаудың алдын алу шараларын және адамның қадір-қасиетін төмендететін және азаматтардың денсаулығына зиян келтіретін тергеудің басқа да рұқсат етілмеген әдістерін қолдануға баса назар аударды.

Президент белгілеген курсты іске асыру мақсатында азаптауға «нөлдік төзімділікті» қамтамасыз етуге бағытталған қылмыстық-құқықтық салада шаралар кешені қабылданды.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап азаптау істері бойынша тергеу прокуратура органдарына бекітілді.

Еліміздің Конституциясынан «өлім жазасы» ұғымы алынып тасталды.

Қылмыстық кодекстің 146-бабына қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас үшін жауапкершілікті көздейтін толықтыру енгізілді.

Азаптау және қатыгездік субъектілерінің тізіміне жаңа субъект қосылды-бұл «ресми қызмет атқаратын тұлға».

Азаптаулар жасағаны үшін жаза 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімінің ұлғаюымен қатаңдатылды.

Қазір азаптағаны үшін сотталғандарға қатысты шартты түрде соттау қолданыла алмайды. Бұл адамдарға рақымшылық және ескіру мерзімі қолданылмайды. Олардың жәбірленушімен татуласуы да қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

Азаптаудан зардап шеккен адамның құқықтық көмегін алу және әлеуметтік, медициналық және психологиялық қызметтерге қол жеткізу құқығы қамтамасыз етіледі.

Ол үшін еліміздің барлық өңірлерінде дағдарыс орталықтары жұмыс істейді.

Жәбірленушілерге өтемақы қоры жұмыс істейді. Өтемақы, оның ішінде азаптау, адам саудасы және басқа да түрлер бойынша танылған жәбірленушілерге төленеді.

Президенттің жаппай бейнебақылау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары мен пенитенциарлық мекемелерде 6159 көрінбейтін аймақ және 937 ақауы бар бейнебақылау камерасы анықталды.

Бұдан басқа, Ішкі істер министрінің бұйрығымен басшылардың азаматтарды негізсіз әкелгені, жеткізгені және ұстағаны, сондай-ақ азаптауға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынасқа жол бергені үшін дербес жауапкершілігі бекітілді.

 

           Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support