Мамандықтың жаманы жоқ
Адам өміріндегі ең маңызды сәттердің бірі – мамандық таңдау. Түрлі мамандықтан өзіңе керегін таңдау үшін дұрыс әрі нақты шешім қабылдау өте маңызды. Мамандықты таңдау кезінде селқостық таныту дұрыс емес. Бұл кезеңде адам баласының бойындағы ынтасы мен қолынан келетін қабілеттерін ескеру керек. Қандай бағытта қызығушылығы басым, соны ескерген жөн. Себебі, ешқандай істі қызығушылықсыз орындау мүмкін емес. Жүректің қалауына сүйеніп қана орындалған іс болашақта қуаныш сыйлайды. Солай ғана үлкен маман иесі болуға мүмкіндік аламыз.
Қазіргі кезде оқу бітіп, мектеп түлектерінің ойы сан-саққа жүгіріп, мамандық таңдау үстінде. Кейбірі 1-2 жыл бұрын өз мамандығын анықтап қойса керек. Бірақ, сонда да дәл оқудың біткен шағында барлық түлектердің көкейінде «Дұрыс шешім жасадым ба, кейін өкінбеймін бе?» деген сауалдар туатыны жасырын емес. Кезінде өзімнің басымнан өткен жағдайға сүйене отырып айта аламын.
Иә, мен де сол мектеп бітірген жылдарымда әбден қобалжыған болатынмын. Таңдауымды асықпай сонау орта сыныптарда жасап қойсам да, дәл сол кезде болашағым үшін алаңдап, біраз уайымға түскенім бар. Жасыратыны жоқ, өз қалауыммен журналистика мамандығын таңдап, бек буынған болатынмын. Ата-анам бұл шешімімді басында құптамаған. Алайда мен өз дегенімде тұрып, жоғары оқу орнына құжаттарымды тапсырып көрдім. Көп созбай, «өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап...» дегендей, өз таңдауым мен қабілетіме сеніп талмай еңбектенуді, бойымдағы шығармашылық қабілетімді көрсетуді дұрыс шешім деп қабылдадым. Жүрегім осы мамандықты қалап, халық пен биліктің дәнекершісі болып жұмыс істеуді жөн санадым.
Журналистика – төртінші билік және халық пен қоғамды байланыстырушы үлкен сала. Бірақ маған бұл мамандықтың атағы емес, атқаратын қызметі ұнайды.
Ұлы ақын Абай Құнанбаев айтқандай, «пайда ойламай, ар ойлап» елге қызмет ету, елдегі түйткілдердің түйінін шешуге атсалысу – басты арманым. Ал, түлектерге мамандықтың жаманы жоғын айтқым келеді.
Гүлсім ДӘУЛЕШ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді