Қазақстан ұлттық құрамасы жеңісті жолын жалғауда

Қазақстан ұлттық құрамасы жеңісті жолын жалғауда
ашық дереккөз
Қазақстан ұлттық құрамасы жеңісті жолын жалғауда
Қазақстан құрамасы тарихи жеңістерін жалғастыруда. Магомед Адиевтің командасы Солтүстік Ирландияны жеңді. Қазақстандықтардың 2024 жылғы Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігі өте жоғары деп бағалануда! Белфасттағы «Виндзор Парк» стадионындағы матч командалардың бірінің артықшылығынсыз өтті. Ойын соңына дейін тең дәрежеде өрбіді. Бірақ, Қазақстан құрамасының форварды Абат Айымбетовтың бұл мәселеге қатысты өзінің айтары бар еді. Ол алаңға 81-минутта қосылып, араға 8 минут салып ерекшеленді. Бір емес, екі қорғаушыны қапы қалдырған шабуылшы Пикок Фаррелл қақпасынан саңылау таба білді. Қорытынды есеп – 1:0. Қазақстан ұлттық құрамасы осы бір жеңісті ойыннан кейін маңызды үш ұпайға қол жеткізді. Маусым айындағы ойындарын сәтті түйіндеген Магомед Адиев шәкірттері осы турнир аясында өтетін алдағы кездесулерін өз жерінде қабылдамақ. Алдымен қазақстандықтар Финляндияны (7 қыркүйек), содан кейін Солтүстік Ирландияны (10) «Астана-Аренада» күтетін болады. Бұл матчтар команданың Еуро-2024 бәсекесіне қаншалықты лайықты екенін нақтылап береді. Дәл қазіргі сәтте ел құрамасы финдермен бірге ұпай саны бойынша көш бастап тұр. Қос ұжымда 4-тур қорытындысы бойынша 9 ұпайдан. Ал үздік үштікті соңғы ойындары сынға ұшырап келе жатқан Дания қорытындылауда. Даттықтарда 7 ұпай. H-тобының аутсайдер ұжымы Сан-Марино өткізген 4 кездесуінде бірде- бір ұпай жинай алмады. Құрамы қара жұмысшылардан жасақталған ұжым турлар барысында тіпті гол да соға алмай келеді екен.  

Сұлтан НҰРТАЙ,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3-курс студенті.

Ұқсас жаңалықтар