Шаруалар француз компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуде

Шаруалар француз компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуде
ашық дереккөз
Шаруалар француз компаниясымен бірлесіп жұмыс істеуде
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Florimond Depres» компаниясының директоры Джером Рене Генримен кездесті. Түрлі дақылдардың селекциялық бағдарламаларымен айналысатын франциялық компанияның мамандары ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөліп, тұқымның жаңа сорттарын шығаруға ден қойып келеді. – Біздің облыс француздық компаниямен 2016 жылдан бастап ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Тығыз байланыстың арқасында шаруаларымыз жақсы тұқым алып, мол өнім жинауда. Алдағы уақытта да белсенді және нәтижелі бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайынбыз, – деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов. Бүгінгі таңда қант қызылшасын өсірумен айналысатын 52 шаруа қожалығы жетекшілерімен тұқым сатып алу үшін арнайы келісімшарт жасалған. Джером Рене Генри кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша өзара байланысты нығайтуға дайын екендігін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасына, «Тараз» ӘКК» АҚ-на нақты тапсырмалар жүктеді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 770,4 мың гектарды құрады. Осы жылдан бастап қант қызылшасын субсидиялау нормативі тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайып отыр. Бұл мақсатқа 6 миллиард теңге қарастырылған.  

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар