Тараз – тұғыр биігінде

Тараз – тұғыр биігінде
ашық дереккөз
Тараз – тұғыр биігінде
Биыл елімізде 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні ретінде бекітілгеніне тура 10 жыл. Осыған орай өңірімізде мемқызметшілердің арасында спорттың 11 түрінен спартакиада ұйымдастырылып, онда 700-ге жуық мемлекеттік қызметшіден құралған 27 команда өзара кім мықтыны анықтады. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Айта кетейік, облыстық спартакиада екі күнге жалғасты. Алғашқы күні қатысушылар үстел теннисі, жүзу, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бильярд, асық ату, арқан тарту, садақ ату мен армрестлингтен сынға түссе, келесі күні волейбол мен кіші футбол ойындарының нәтижесі белгілі болды. Ал, сайыстың қорытындысына сәйкес жалпыкомандалық есепте Тараз қаласы әкімдігінің құрама командасы жеңімпаз деп танылды. Жүлделі ІІ орынға облыстық мемлекеттік кірістер департаменті жайғасса, Жуалы ауданы әкімдігінің командасы үздік үштікті түйіндеді. Атап өтейік, жүлделі орындардан көрінген командаларға 500, 300 және 200 теңгенің сертификаты табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар