Абылай Нәдірбай – үздік палуан
Самбо және қазақ күресінен спорт шебері Мұхит Рақышовты еске алуға арналған 2009-2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық біріншілік өтті. Бұл жарыста №12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері Абылай Нәдірбай мен Нұрасыл Серік ақтық сынға дейін қарсыластарын қапыда қалдырды.
Шешуші сәтте бір-бірімен кездескен қос жерлесіміз өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде Абылай Нәдірбай ұпай санымен жеңімпаз деп танылып, арнайы белбеу мен 200 мың теңге қаржылай сыйақыны қанжығалады.
Атап өтерегі, Абылай мен Нұрасыл болашағынан зор үміт күттіретін жігіттер. Аңсар Төлебаевтай білікті бапкердің қол астында жаттығатын қос балуан алдағы уақытта биік белестерді бағындыратынына сенім мол.
Есен ӨТЕУЛІ
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




