Үздік ұстаздар топ жарды
«AMANAT» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен республикалық акция аясында ұлағатты ұстаздар арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Жамбыл атындағы орта мектепте өткен жарысқа 12 команда қатысты. Нәтижесінде, Макаренко атындағы орта мектептің ұжымы өзгелерден оқ бойы озық шығып, үздік атанды. Ал, жүлделі ІІ орын Жамбыл атындағы орта мектепке бұйырса, №1 орта мектептің намысын қорғаған құрама команда үштікті түйіндеді.
Бұдан бөлек, «Көлқайнар» бастауыш партия ұйымы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқаны үшін марапатталды. Сондай-ақ, бұл турнирде әдемі ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар мен үздік төрешілерге де сый-құрмет көрсетілді.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірімдер болашақтан үміт күттіреді
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




