Спорт және туризм
Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы басталды
- author «Ақ жол»
- 10 маусым, 2023
- 726
Мемлекеттік қызметшілердің спартакиадасы басталды
Осыдан 10 жыл бұрын біздің елде 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні болып бекітілді. Биыл айтулы датаға орай облыстық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылып, онда мемлекеттік қызметшілер спорттың 11 түрінен бақ сынауда. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі. – Мемлекеттік қызмет саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мереке – мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймын. Бүгінгі күнге дейін егемен елімізде мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында мол тәжірибе жиналды. Өз ісін жетік меңгерген әрі мамандығына адал мемлекеттік қызметшілер барда алға қойған мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін, – деді Еркін Құлымбайұлы.
Айта кетейік, биыл спартакиадаға 700-ге жуық мемлекеттік қызметшіден құралған 27 команда қатысуда.
Дайындаған Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




