Қақпа алдындағы кездесу

Қақпа алдындағы кездесу
ашық дереккөз
Қақпа алдындағы кездесу
Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» жобасы ұйымдастырылды. Жазасын өтеушілерді әлеуметтік бейімдеу және қылмыстың қайталануын алдын алуды көздейтін жобаға ҚАЖ қызметкерлерімен қатар жергілікті атқарушы органдардың өкілдері де қатысты. Бұл күні аталған түзеу мекемесінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабына сәйкес, сот шешімімен кінәлі деп танылған Түркістан облысының тұрғыны бостандыққа жолдама алды. Мамандар ер адамға жан-жақты ақпарат беріп, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлері тарапынан әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді.

Ұқсас жаңалықтар