Сотталғандар арасында сайыс өтті
1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында кең көлемде спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл күні сотталған азаматтар бұқаралық спорттың бірнеше түрінен бақ сынасып, өзара кім мықтыны анықтады. Ал, тартысты өткен ойын нәтижесінде белсенділік танытқан жазалы азаматтарға мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табысталды. - Сайысты ұйымдастырудағы мақсат – арнайы контингент арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спорттың дамуына ықпал ету. Осы орайда, мұндай шаралар жазасын өтеушілердің қоғаммен байланысын арттыруға серпін береді деп білеміз. Өйткені, ел-жұртты бірлікке үндейтін айтулы мерекенің маңызы зор, - деді мекеме бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




