Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары Кеңес Одағы боксшыларының сапында талайлардың мысын басқан, КСРО-ның және бірнеше дуы басым додалардың жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Өмірбековтің жүлдесі үшін 2000 және 2001-2002 жылдары туылған балғын боксшылар арасындағы жарысқа облысымыздың 8 ауданы мен Тараз қаласынан 2 команда және Оңтүстік Қазақстан облысынан бірқатар үміткерлер қатысып, Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде 4 күн бойы рингте өздерінің мүмкіндіктерін көрсетті.
Доданың ашылу салтанатында Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйледі. Соңыра осы жолдардың авторы жазған «Серік – қазақтың батыры» атты кітабының тұсаукесері қоса өткізілді. Турнирдің соңғы күні 16 салмақ бойынша финалдық жекпе-жектің куәсі болдық. Ақтық сында қаратаулық Руслан Саудан (38 кг), жаңатастық Алмат Спандияр (40 кг), Нұрсұлтан Болысбек (48 кг), Мадияр Қыдырәлі (30 кг), тараздық Рүстем Садуақасов, жуалылық Бек Спандияр (36 кг), тағы да жуалылық Ержан Жарылқасын (38 кг), таластық Нұрбек Ермахан (40 кг), жаңатастық Айдос Тайшы (40 кг), тараздық Бақдаулет Жақашев (42 кг), жамбылдық Арман Жаңаберген (44 кг), тараздық Абдул Біртай (46 кг), қаратаулық Нұрбек Амантаев (50 кг), жаңатастық Ерсейіт Шамғалиев (52 кг) және жаңатастық Нұрсұлтан Узайырлар қарсыластарынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. Турнирде «Жеңіске деген жігері үшін», «Ең үздік әдіс жасағаны үшін» номинациялары бойынша да боксшылар арнайы сый-сияпаттарға ие болды.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Жаңатас қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді