Спорт және туризм
Жамбылдық Рахат Қалжан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
- author «Ақ жол»
- 18 сәуір, 2023
- 891
Жамбылдық Рахат Қалжан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
13-14 сәуір Елордамыз Астана қаласында еркін күрестен Азия чемпионаты өтті. Құрлық додасына 22 мемлекеттен, 400-ге жуық боз кілем шеберлері сынға түсті.
Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған жерлесіміз Рахат Қалжан 57 келі салмақта белдесіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Қола жүлде үшін белдесуінде Қалжан Рахат моңғолиялық Занабазар Занбанбудпен сынға түсті. Тартысқа толы сайыста жерлесіміз айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, қарсыласы Занабазар Занбанбуд өткен жылғы әлем чемпионатының қола жүлде иегері.
Жамбыл облысының баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




