Дәстүрлі турнир жалғасын тапты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар арасында спортты кеңінен насихаттап, спортпен шұғылданатын тұрғындар санын арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігі жөнінде міндеттер қойған болатын. Себебі, бұқаралық спорт қоғамда әсіресе, өскелең ұрпақ, жастар үшін маңызды рөлге ие. Жуырда Шу ауданында 11-ші рет волейболдан өткен жарыс өз мәресіне жетт. Сайыстың бұрынғыдан өзгерек болуы – бұл жолы жастар емес, ардагерлер өзара кім мықтыны анықтады. «Жібек жолы» мектеп-лицейінде ұйымдастырылған бәсекеде ардагерлерден құралған 6 команда бақ сынасты. Тартысты ойын нәтиже сінде Көкқайнар ауылының «Естемесов» командасы жарыстың жеңімпазы деп танылды. Жүлделі екінші орынды Ескі- Шу ауылдық округінің «Белбасар» командасы еншіледі. Ал, үздік үштікті «Баласағұн» командасы түйіндеді.
Жарыс қорытындысында жеңімпаз командаларға кубок табыс етіліп, жекелей үздік ойын дағдыларын көрсеткен спортшылар арнайы диплом және қаржылай сыйлықтарға қол жеткізді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




