Аталған чемпионаттың марапаттау рәсіміне суда жүзуден Паралимпиада және әлем чемпионы Зульфия Ғабидуллина қатысып, жеңімпаздарға қолдау білдірді.
Біз жасөспірім чемпионның жеке бапкері Елдос Әбілдаевты да сөзге тартқан едік. «Бұл жарысқа екі шәкіртімді әкелдім. Әлібек Талғат 7 класс, Дидар Қырықбай 8 класта өнер көрсетті. Екеуі де 50 метр қашықтыққа арқамен жүзді. Жасөспірімдер арасында Әлібек Диханұлы алтыннан алқа тағынса, жастар арасында Дидар Қырықбай күміске қол жеткізді. Менің мақсатым жүзеге асты. Енді жыл соңына дейін тағы 3-4 мәрте ел чемпионаты өтеді. Сол жарыстарда шәкірттерім осы деңгейінен түспеуі қажет. Сонда олар Пара жүзу спорты бойынша Ұлттық құрамаға алынады. Ол шәкірттерімнің мүмкіндігі молая түседі деген сөз. Бұйырса, Ұлттық құрамаға қабылдану жолында тер төгеміз», дейді Елдос Ерболұлы.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




