Бақдәулеттің белесі
Жуырда Шымкент қаласында жамбы атудан Азия Кубогы өтті. Аталған жарысқа 10 мемлекеттен 21 спортшы қатысты. Атап айтсақ, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Польша, Сауд Арабиясы, Түркия, Моңғолия мемлекеттері жеңіс жолында бақ сынады. Бұл жарыста Қазақстан Ұлттық құрамасы сәтті өнер көрсетіп, Азия кубогын иеленді. Осылай, жеңіс тұғырына көтерілген Қазақстан Ұлттық құрама командасының сапында жамбылдық «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының спортшысы Бақдәулет Бабажан да бар. Ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Азия кубогы елеулі жарыстардың бірі. Көкпар – ұжымдық ойын болғандықтан, құрама ойыншылары шетінен үздік болмаса жеңіске жету қиын.
Біздің құраманың сондай кіл жүйріктер қатарынан табылғанына қуаныштымын. Көкпар – қазақтың намысы мен болмысы. Алдағы байрақты бәсекелерде де Ұлттық құраманың жеңіс тұғырынан келуіне үлес қоса беремін» деп қуанышты көңіл-күйімен бөлісті.
Әйгерім БОРАНБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




