Сыйлық

Сыйлық
ашық дереккөз
Сыйлық
Аялдамадан түскен бетте дүкенге қарай жүрдім. Алдымда келе жатқан жастары 18 жас шамасындағы қыз бен жігіттің әңгімесі естіліп келеді. Жігіт тоқтай салып, гүл сатушыдан бағасын сұрады. Қыз жігітті қолымен кері итеріп: –Маған гүл алмақшысың ба? Керек емес, – деді тоқтамастан алға қарай жүрген күйі. – Неге? – деді жігіт таңданып. – Маған сыйлық жасағың келіп тұр ма? – Иә, – деді жігіт. – Сен көрсеткен гүл шамамен 3000 теңге тұрады. – Білемін, – деді жігіт қалтасындағы ақшасын алып жатып. – Онда сол ақшаны анау қайыр тілеп отырған кісіге берші, – деді қыз еркелей тіл қатып. Екеуі күлімсіреген күйі қайыр тілеп отырған қарияның қасына барды. Ақшасын беріп, батасын алуға қолдарын қатар жайған жас ғашықтарға қарап сүйсіндім.  

Ұқсас жаңалықтар