"Арт спорт" жобасы бойынша ақпарат Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
- author «Ақ жол»
- 3 сәуір, 2023
- 298
"Арт спорт" жобасы бойынша ақпарат Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
Жамбыл облысы бойынша
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі-Департамент) "Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" КММ және "Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" КММ-де "Арт спорт" жобасын іске асыруға бөлінген ақшалай қаражатты жұмсау мәселесі бойынша аудиторлық іс-шаралар өткізілді.
«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Бұқаралық - спорттық шаралар өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2021 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасынан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт үйірмелерінде мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін іске асыруға және олардың жұмыс істеуіне 142 328,0 мың теңге бөлініп, толық игерілген, орта есеппен 5727 ваучерді қамтитын спорт секцияларының 17 түрі қаржыландырылған. Сондай-ақ, 2022 жылдың 8 айында Мекемеге 520 952,0 мың теңге қаражат бөлініп, оның 518 695,7 мың теңгесі игерілген, орта есеппен 5747 ваучерді қамтитын спорт секцияларының 17 түрі қаржыландырылған.
2021 жылы мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде Аrtsport.edu.kz платформасына 232 өтінім беріліп, оның ішінде 59 Мердігердің өтінімдері мақұлданып, 45 Мердігер қызмет көрсеткен, 2022 жылдың 8 айында Мердігерлердің саны 32 құраған.
Айта кететіні, балалардың белсенді өсімі 2021 жылдың қазан айынан басталған.
Аудиторлық іс-шараның нәтижесі бойынша 13 436,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және 171 544,1 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталған, яғни, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасы қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының сақталмауы салдарынан 13 436,0 мың теңгеге мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша нақты қызмет көрсетусіз ақшалай қаражат негізсіз аударылғаны анықталған.
Анықталған бұзушылықтар бойынша бүгінгі күнге 8316,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өтелді, ал 1709,4 мың теңгесі Мекеменің Мердігерлер алдындағы кредиторлық қарызы есебінен қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, 7 Мердігер бойынша материалдар сотқа берілген.
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің басшы
М.Т.Егембердиев
Ұқсас жаңалықтар
Ауданға еңбегі сіңген абыройлы азамат
- 17 қыркүйек, 2024
Әулиеаталықтар айтулы аламанда атой салды
- 16 қыркүйек, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді