«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ташкентте топ жарған спортшы

Ташкентте топ жарған спортшы
ашық дереккөз
Ташкентте топ жарған спортшы
Көпшілікке үлгі болатын, спортты жанына серік еткен ардагердің бірі – Жақсылық Мамырбекұлы. Ол осы кезге дейін де еліміздің және көрші мемлекеттердің қалаларында өткен марафоншылар жарысында ортадан озып, олжа салып жүр. Жақсылық ақсақалдың былтыр облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай 100 шақырым қашықтыққа жүгіріп өтіп, мерейтойымызға ерекше тарту жасағанын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ. Жақсылық Мамырбекұлы жақында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен халықаралық марафоншылар жарысында ардагерлер арасында бақ сынап, жүлделі үшінші орынды иеленіп қайтты. 12 мемлекеттен марафоншылар қатысқан бұл жарыс осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылып отыр екен. Ж.Мамырбекұлы 21 шақырымға жүгіріп, жүлдеге іліккен. Жақсылық Мамырбекұлын Тараздағы «Айырылмас» сауда кешенінің басшысы Руслан Мырзақұлов қолдап, қаржылай демеушілік жасапты. Ақсақалдың аталған сауда кешенінің  басшылығына алғысы шексіз. Шынында да спортты қолдау - ізгіліктің белгісі. – Міне, 69 жасымда халықаралық жарыстарға қатысып жүрмін. Бір жағы спорт арқылы денсаулығым жақсы қалпында. Сергек жүремін, көп ауру маған жоламайды. Сол жағынан алғанда менің жеңістерім көп. Жасым ұлғайғанда спортпен шұғылданғаным барша жастарға үлгі іс деп есептеймін. Алла өмір берсе алдағы уақытта да біраз жарыстарда бақ сынасам деген ойым бар, – дейді Жақсылық Мамырбекұлы..  

Есет ЖАҢАБАЙҰЛЫ

   

Ұқсас жаңалықтар