Қоғам
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуде
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2023
- 828
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесе жұмыс істеуде
Бүгінгі таңда ҚАЖ қызметкерлер өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс атқарады. Мәселен, темірдей тәртіпті ұстанатын олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Ондағы мақсат – ел ішіндегі қауіпсіздікті сақтау әрі жұрт тыныштығын бұзбау. Жуырда Тараздағы №26 түзеу мекемесінен Қырғыз елінің азаматы жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты. Көршілес мемлекеттің 1994 жылы туылған азаматы біздің елдің шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін сот шешімімен бас бостандығынан айырылған болатын.
Мекеме қызметкерлері жазасын өтеген ер адамды өз еліне депортациялау үшін ҰҚК-нің өкілдеріне тапсырды. Енді бұл жұмыстың нүктесін әрі қарай Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қоймақ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




