«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбылдық жампоздардың жетістігі

Жамбылдық жампоздардың жетістігі
ашық дереккөз
Жамбылдық жампоздардың жетістігі
Пара пауэрлифтингтен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылардың арасында командалық және жастар арасында ел чемпионаты өтіп, оған республикамыздың түкпір- түкпірінен 145 спортшы қатысты. Бұл чемпионатта облысымыздың намысын дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының 12 спортшысы қорғап, 9 алтын, 6 күміс, 1 қола медальға қол жеткізді. Мәселен, әйелдер арасында 41 килограмм салмақта Айжан Берімқұлова жеке көрсеткіш бойынша да, үш тәсілдің қорытындысы бойынша да алтын алды. Ересектер арасында 49 килограмм салмақта Ерболат Кәрібай жеке көрсеткіште бірінші орын алып, үш тәсілдің қорытындысы бойынша қола медальді қанағат тұтты. 54 килограмм салмақта Руслан Закривидорого үш тәсілдің қорытындысы бойынша чемпион атанды. 59 килограмда Ербақыт Әмірәлі жастар арасында жекелей көрсеткіште де, үш тәсілдің қорытындысы бойынша да күміс жүлдеге ие болды. 65 килограмм салмақтағы Ерсен Стамбек жарады. Ол жастар арасында жекелей көрсеткіш, ересектер және жастар арасында үш тәсілдің қорытындысы бойынша топ жарып, ел қоржынына үш алтын медаль салды. Ересектер арасында 88 килограмм салмақта жекелей және үш тәсілдің қорытындысы бойынша да алтын алған Асхат Жұмановтың жетістігі атап өтуге тұрарлық. Сондай-ақ, 97 килограмм салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша Ақылбек Хамиддулаев, 107-ден жоғары килограмм салмақта ересектер арасында жеке және үш тәсілдің қорытындысы бойынша Дәурен Мадижан, 75 килограмда ересектер арасында үш бағдарламада Санжар Қанатбек күміс жүлде алды. Команданың бас бапкері Руслан Греев «Бұл өте жақсы нәтиже. Алдағы жарыстарда да осы спортшылармен бірге жеңістерге жетуге күш саламыз», деп атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар