- Advertisement -

Заңсыз әрекеттерге – тосқауыл

73

- Advertisement -

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілеріне облыс аумағындағы мемлекеттік шекараны күзету тапсырмасы жүктелген. Олар өзінің Отан алдындағы борышы мен қызметтік міндеттерін орындау барысында мемлекеттік шекара шебінде әртүрлі құқықбұзушылықтар мен заң бұзу әрекеттеріне тосқауыл қоюды жүзеге асырып келеді.

Жақында облыс бойынша департаменттің әскери қызметшілері Жамбыл ауданының Бесағаш ауылында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастыруға қатысы бар азаматты ұстады. Ұсталған азамат 23 қаңтарда Бесағаш шекара бөлімшесінің учаскесінен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған тұлғаларға көмектескен. Ол процессуалды шешім қабылдап, жауапкершілікке тарту мақсатында аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

Сондай-ақ, әскери қызметшілер Қордай ауданындағы «Ауқатты» автомобильдік өткізу пунктінде Қазақстан аумағына жүктер арасында жасырылған шамамен 5500 дана «Oris» және «Bond» маркалы темекілерін заңсыз алып өту әрекетінің жолын кесті. Олардың құны шамамен 2 миллион 800 мың теңгені құрайды. Анықталған тауар шешім қабылдау үшін Қордай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына өткізілді.

Өткен айда Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті мен полиция бөлімі қызметкерлерінен құралған топ жедел ақпаратты жүзеге асыру аясында Тараз қаласында іздестіруде жүрген азаматты ұстады. Ұсталған азаматтың жыртқыш құстардың сирек кездесетін түрі – 9 ителгіні мемлекеттік шекарадан заңсыз өткізу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысы бар екендігі анықталып, Жамбыл ауданының полиция бөліміне тапсырылды.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support