Қалыпқа сыймаған таланттар
Жаһанға аты мәшһүр, заты мұра, жұмыр жердің бетін Ай мен Күн қанша ғасыр айналса да есімі ел жадынан, адамзат санасынан өшпейтін ұлы тұлғалар көп. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Стандартты заманның стандартсыз адамдары» болған. Олардың жүрген жолы ақиқат пен аңыз аралас күйде бізге жеткен. Мейлі ол жазушы, суретші, мейлі ақын я болмаса саясаткер болсын, бәрі де өз саласына өшпес қолтаңбасын қалдырды. Десек те, көзі тірісінде олардың әрқайсысының тұла бойында көп адам түсіне бермейтін қылықтар болған. Бұл адами тұрғыда кемшілік пе, жоқ әлде шығармашылық тұрғысынан артықшылық па, ол жағы өмір заңдылығында ашық жазылып, оған нақты түсініктеме берілмеген. Біз сондай ұлы тұлғалардың өміріндегі кейбір ерекше жайттарды оқырман назарына ұсынып отырмыз. Чарльз Диккенс. Әлемдегі ең танымал ағылшын жазушысының шынымен біртүрлі әдеті болған. «Қандай да бір көрінбейтін күш мені мәйітханаға апарады», деп жазады Диккенс. Ол қай қалаға келсе де, бірінші кезекте бірнеше сағат бойы барлық мәйітханаларды аралайды екен. Ол өзіндегі бұл сезімді «жиіркеніш тартылысы» дейді. Ол, тіпті Рождествоны да, Жаңа жылды да мәйітханада өткізді.
Туған жері Ұлыбританияда да жазушы «бос жүрген» жоқ, ол полиция қызметкерлерімен бірге суға батқандарды жағаға шығаруға көмектесті.
Әрине, бұл үйренерлік те, қызығарлық та іс емес. Агата Кристи. Ал Агата Кристи алма мен ыдыс жуудан шабыт алған. Кісі өлтіру көріністері көбінесе жазушы қиялында кезекті бір табақты жуу кезінде пайда болса, ол сюжетті дамытуға өте көп жеген алма көмектескен.
Детектив шебері кез келген жағдайда жаза алды. Тіпті кейде оның үйінде жұмыс үстелі де болмады. Бірақ соған қарамастан ол 66 роман, 19 әңгіме жинағын жазды, одан бөлек Лондон театрларында жазушының 16 пьесасы қойылды. Осы орайда Черчилль: «Бұл әйел – Лукреция Борджиядан кейінгі қылмыстан ең көп ақша тапқан адам», дейді. Фридрих Шиллер. Неміс ақыны және философы Фридрих Шиллер жұмыс үстелінің тартпасы шіріген алмаға толы болмаса, жазу жаза алмаған.
Ең қызығы, ол алманы үстел тартпасына шірісін деп әдейі салып қояды екен. Өйткені оған шіріген алманың иісі ұнаған. Тіпті содан шабыт алыпты.
Иісі жүрек айнытарлық халдегі шіріген алманы ең алғаш Гете байқапты. Бірде Фридрихке қонаққа келген ол автор үстелінің бір қорабындағы толған бұзылған алманың иісінен жүрегі айнып, басы айналады. Ашық тұрған терезеге тұра жүгірген Гете үй қызметшілерін шақырыпты. Алайда олар бұл шіріген алманың әдейі қойылғанын, әйтпесе жазушы жұмыс істей алмайтынын айтады. Осы оқиғадан кейін Шиллердің бұл біртүрлі әуесін түсіндіруден басқа амалы болмаған.
Шиллердің өзі жазғанындай, «ол өзіне мәңгілік жұмбақ» болды. Трумен Капоте. Жазушы жұмысы өнімді болу үшін үш нәрсені қажет еткен: диван, кофе және темекі. Алайда түстен кейін кофені бір стақан бренди немесе вискимен алмастырған. Ол диванда жатып, шығармаларын қарапайым қағазға қарындашпен жазған. Себебі жазу мәшинкелерін мойындамаған. Сондай-ақ автор шығармасын жұма күні бастамайды екен һәм аяқтамайтын да. Ал қонақүйдің нөмірі 13 болса, міндетті түрде ауыстыратын. Жұма мен он үштің Капоте үшін қандай «жазығы» бар екені күні бүгінге дейін жұмбақ.
Дайындаған Нұржан ҚАДІРӘЛІ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді