Бетховен – бұл әлем мәдениетінің ең ірі құбылыстарының бірі. Философиялық тереңдіктен, демократиялық бағыттаудан, жаңашылдықтың батылдығынан өткен ғасырларда Еуропаның музыкалық өнерінде Бетховенге тең келетін ешкім жоқ.
Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвигтің әкесі – капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтің өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховеннің ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзі секілді қарады. 1778 жылы Бетховеннің алғашқы қауымдық концерті өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада,органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған. Христиан Готлоб Нефе Бонндық капелланың жаңа директоры болып келді. Өз заманының сергек музыканты, көкірегі ашық, дана адам Нефе Бетховеннің ұстазына айналды. Ол жас Бетховенді гармония, контрапунктпен таныстырды. Нефенің арқасында 1782 жылы Бетховеннің алғашқы туындылары: Дресслер маршы тақырыбына вариациялар, үш фортепианолық соната басылып шықты. 13 жастан бастап ол жанұясын қаржыландырушыға айналады. Органшы-Нефенің көмекшісі, сараймаңы капелланың альтшысы болып жұмыс істейді. Сол кезде Бетховен зиялылармен араласып, атаққа ие болады. Бірақ, провинциялық өмірден жалыққан ол 1787 жылы Венаға аттанады. Онда Бетховен Моцартпен кездесіп, «Свадьба Фигароның» авторын өзінің импровизациясымен таңқалдырады. Кенеттен шешесі ауырып қалып, туған қаласына оралады. Анасы өмірден өткеннен кейін әкесі әлсіреп, Бетховен кіші інілеріне қамқоршы болады. 1792 жылы Йозеф Гайдн Боннға келгенде, жас композитордың (50 шақты шығарма: фортепианоға арналған кішігірім пьесалар, үш соната, түрлі құрамдық ансамбльдер, екі кантата, кішігірім балет) шығармаларына сүйсініп, оны Венаға шақырады. Венада өткен алғашқы бірнеше жыл Бетховен өміріндегі ең бақытты шақ болған. Бетховен-пианисттің тамсандырарлық сәті – Бетховен-композиторға сара жол ашты. Алайда, өз шығармаларын басып шығарар алдында Бетховен Гайдн, Альбрехтсбергер, Сальериден дәріс алып, теориялық білімдерін тексеріп, толықтырып алған. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында ерекше көзге түсті. 1795 жылы басылған оркестрлік фортепианолық трио Бетховенге композитор ретінде көпшілік назарын аудартты. Мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып, құлағында мүкіс пайда болады. Музыкант бұл қайғысынан бөлек зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардиді сүйіп қалады. Гвиччарди ортасында Бетховен тек кедей музыкант болып саналды. Оның есту қабілетінен айрылуы қатты біліне бастады. Емшілер кеңесімен Бетховен Гейлигенштад деген жерге денсаулығын дұрыстауға барады. Бірақ, емдеу көмектеспей Бетховен қатты қайғыға батады. Трагедиялық әсермен үлкен Гейлигенштадтық «Ақырғы хат» (завещание) деп аталатын ескерткішті сол ауыр күндері жазады.1800-1803 жылдардағы шығармаларында композитордың бастан кешіргенінің барлығы айқын көрінеді. Бірақ, осы қасіреті музыкант еңбектеріне сәттілік әкелді. Қаһармандық симфонияда жеке тұлғалық қиыншылықтарды өмірге деген құштарлық, өнерге деген ыстық махаббат жеңіп шығады. Бетховен түсінігінде өмір – қаһармандық күрес болды. «Фиделио» – Бетховеннің жалғыз операсы. 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сахнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай операның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек, 1814 жылы Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды.Бетховен Гете поэзиясымен әуес болатын. «Фауст» трагедиясының әсерімен опера жазатын ой туады. «Эгмонт» трагедиясына музыка жазады. Венада Бетховеннің аты әйгілі болып, оған көптеген тапсырыстар беріледі. Кейінгі шығармалар арасында биік шың болып тоғызыншы симфония тұр. Шығармашылық өрлеу шыңдалғанмен жеке өмірі қалыптаспаған композитор жанұялық бақытты аңсайды. Ыстық сезімі жайлы ол Жозефина Деймге хатында жазған болатын. Бетховен қаржылық тұрақтылықты мақсат етіп, князьға жұмысқа композитор болып тұруды сұрап жазды. Бірақ, жауап болмаған соң, ұлы композитор Австриядан кетуді ойластырады. Бұны біліп қалған кейбір меценаттар сондай көрнекті композитордың оларды қалдырып кетіп қалуын қаламай, оған зейнетақы төлеп тұруға келіседі. Бұның ақшадан гөрі жұмысы көп еді. Композитор өміріне саңыраулығы көп қиыншылық әкелді. Ол Италияға барып, концерттер беруден бас тартуға мәжбүр болды. Ақша жағынан да, қарым-қатынастар да азайып, күрделі жағдай туды. Композитордың өмірінің соңы өте қиын және қайғылы. Оны сол уақыттағы саяси жағдай шаршатып, өзін жалғыз сезінді. Ұлы композитор ештеңе естімеді.Бетховен кедейшілікте өмір сүрді.Бетховеннің бөлесі композитордың қамқорлығында еді. Үлкен қиыншылықпен табатын қаржының барлығын ол бөлесінің қажетіне жұмсайтын. Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырып, өмірден өтті. Бірақ, артында адамзат игілігіне өлмес мұрасы қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді