Әлемдегі ең бойшаң адам – түрік Сұлтан Кесен әлемдегі ең тапал адам – непалдық Чандра Дангимен Британия астанасында Гиннес рекордтар кітабының 60 жылдық мерейтойына орай кездесті. Сұлтан Кесеннің бойы– 251 сантиметр, ал Чандра Дангидің бойы – 54,6 сантиметр. Сұлтан Кесен 2009 жылы рекордтар кітабына енген болатын. Оның алдында Қытай азаматы Бао Сишун әлемдегі ең бойшаң адам саналған. Оның бойының ұзындығы – 236 сантиметр болатын. Сонымен қатар, биыл бақиға аттанған украиналық Леонид Стадник те ресми емес дерек бойынша әлемдегі ең бойшаң адам атанған еді. Алайда, ол әйгілі болудан қашып, бойын өлшетуден үзілді-кесілді бас тартқан болатын. Ал Чандра Данги рекордтар кітабына 2012 жылы, 72 жасында енген екен.
Жоба жетекшісі: Көсемәлі Сәттібайұлы ckosemali@mail.ru
Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА elvirkz@mail.ru
Шынар САҒИЕВА shinar_akjol@mail.ru
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




