Спорт және туризм
Абсолютті көрсеткіш: Мажарстанда Қазақстанның алты боксшысы чемпион атанды
- author «Ақ жол»
- 12 ақпан, 2023
- 826
Абсолютті көрсеткіш: Мажарстанда Қазақстанның алты боксшысы чемпион атанды
Мажарстанның Дебрецен қаласында өткен халықаралық турнир финалында қазақстандық боксшылар абсолютті көрсеткіш көрсетті. Финалға шыққан алты боксшымыз да чемпион атанды. Бұл туралы деп Zakon.kz. ақпараттық агенттігінде хабарланды.
Иштван Бочкайды еске алу турнирінде финалға шыққан қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің барлығы бірдей шешуші жекпе-жекте жеңіске қол жеткізді.
Сонымен алтын медальға ие болған отандастарымыз: Теміртас Жүсіпов (48 келіге дейін), Серік Теміржанов (57 келіге дейін), Саматәлі Төлтаев (60 келіге дейін), Дулат Бекбауов (67 келіге дейін), Аятолла Тақижанов (75 келіге дейін) және Айбек Оралбай (92 келіге дейін).
Бұдан тыс қазақстандық боксшылардың активінде үш қола медаль бар: Дамир Әбдіқадыр (51 келіге дейін), Дәулет Молдашев (54 келіге дейін) және Ермахан Жақпеков (71 келіге дейін).
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




